ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ОТАНДЫҚ ӨНІМДІ БРЕНДКЕ АЙНАЛДЫРУ - БАСТЫ МАҚСАТ

13:26, 7 маусым 2021

Қарыштап дамып келе жатқан ел экономикасынның өркендеуіне шымкенттік кәсіпорындар да өз үлесін қосуда. Солардың бірі «Bal Tekstil» кілем зауытын айтуға болады. Бұл күнде өзімізден шыққан өніммен мақтанып та жүрміз. Сапасы әлемдік брендтерден асып түспесе, кем түспейтіні анық. Бүгіннің басты мақсаты - Отандық өнімді қайталанбас туындыға айналдыру болып отыр.

әрленген, отандық кілемнің 2000-нан астам түрі шығарылады. Бағасы да қолжетімді, әрі сұранысқа. Аталған фабрика Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын. Бүгінде республикадағы ірі кілем зауытына айналған.

Нұрғали Тоқсанбай - «Bal Tekstil» фабрикасының өндіріс басшысы

Өндірістік қуаты жылына 6 млн. шаршы метр кілем тоқуға қауқарлы фабрика 2013 жылы алғашқы өнімін шығарды. Бүгінде өндірісте 360-қа жуық адам жұмыспен қамтылған.  Компания болашақта бүкіл әлемде кiлемдердiң және кiлем бұйымдарының көшбасшы өндiрушiсі болуды мақсат етуде.

Ерболат Бапақов - - «Bal Tekstil» фабрикасының ауысым басшысы

Айтып өтейік, мұндағы қызметкерлердің дені  кілем тоқудың қыр-сырын жетік білу үшін арнайы Түркия мемлекетіне барып білім алған. Өзге елден алған тәжірибесін өз кәдесіне жаратып, бүгінде білікті маман атанып отыр. Қазіргі таңда Бал текстиль зауыты  соңғы үлгідегі заманауи техникалармен жабдықталған. Мұндағы алып құралдар кілем тоқып, жіп иіріп, қызметкерлердің жұмысын жеңілдетуде.

Думан Керімқұлов - - «Bal Tekstil» фабрикасының бас маманы

Қазақы нақышта тоқылған кілемді шетелден келетін кілемдерден арзан бағаға Қазақстанның барлық аймағынан таба аласыз. Бүгінде «Бал Текстиль» кілем өндіру фабрикасының экспорттық географиясы жылдан жылға артып келеді. Қазіргі таңда Қырғызстан, Ресей, Әзірбайжан, Тәжікстан, Франция және Шведтің ең үлкен сауда желісі «IKEA» арқылы Ұлыбритания мен Германия мемлекеттеріне де «Қазақстанда жасалған» деген белгімен экспортталуда.

 

Айдана Қуанышқызы                                                                                      

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
17:37, 21 маусым 2021
ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
17:36, 21 маусым 2021
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар