ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 7751 АДАМ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ

13:18, 4 мамыр 2021

Шымкент қаласында өткен тәулікте 7751 адам вакцина салдырды: I компонент – 3984, II компонент – 3767. Егу науқаны басталғалы барлығы 124 132 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 21 436 адам вакцинаның екі компонентін алды. 3 мамыр күні КВИ-дің 65 жағдайы тіркеліп отыр (белгілері бар - 36, белгілері жоқ - 29). 31 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 34 адам үй бақылауына алынған.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, оңалту орталығы – 100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы – 10, Шымкент жүрек орталығы – 6), төсек-орын толымдығы – 50 %. Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы тұрақты бақылауда. 2021 жылғы 3 мамыр күні 297 нысанға (289 кәсіпкерлік нысан, 8 жеке нысан) тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 8 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.Шаһарда сауда нысандарында карантин талаптарының сақталуын бақылайтын 22 мобильдік топ жұмыс істеуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар өзге өңірлермен салыстырғанда белсенді жүргізілуде. Жеке кәсіпкерлерге, қала тұрғындарына сақтық шараларына мән беруді, қоғамдық орындарда бетперде тағып жүруге шақырамыз.

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...