ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢ - ӨЗ ҚОЛЫҢДА!

12:48, 9 сәуір 2021

Қазіргі таңда елімізде аты жаман ауруға байланысты егу жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі. Жалпы, ел Үкіметінің жоспарлауы бойынша жыл соңына дейін 6 миллион адамға вакцина салынуы тиіс. Олардың бәрі де кезең – кезеңімен, яғни әр айға бөлініп жаспарланған. Мәселен, сәуір айында 600 мың адамға екпе егілуі тиіс. Бүгінде бұл жұмыстар жоспарға сәйкес жүзеге асуда. Өйткені, халық денсаулығы бәрінен де маңызды. Ел Үкіметінің баса назар аударып отырған жұмыстары Созақ ауданында да өз дәрежесінде атқарылуда.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 77-бабына сәйкес, кез келген    медициналық ем – шара    оның ішінде  вакцина салу тек адамның келісімімен  ғана жүзеге асады. Вакцинадан  бас тартқандар әкімшілік не қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Алайда, «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын тап» дегендей, үкімет маңыз беріп отырған мәселеге мойын бұрғанымыз жөн.  Сол үшін, тұрғындар алып – қашпа әңгімеге емес, нақты ақпаратқа сүйеніп, дәрігер кеңесін тыңдағаны дұрыс. 

АҚАН  ДІНТАЕВ -  СОЗАҚ  АУДАНДЫҚ  ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ (Жасыратыны жоқ, кейбір БАҚ құралдарыы мен әлеуметік желіде негізсіз ақпараттар шығып,  жалаң ақпараттар берілді. Халық сол ойдан біраз арыла алмай қалды. Бұдан қауіптенуге негіз жоқ. Әзірге дейін жағымсыз оқиға болған жоқ... мұны дұрыс түсінуі тиіс. 

Десек те Созақ ауданында   екпе жұмыстары өз дәрежесінде  жүргізілуде.  Жоспар бойынша қазір халықтың міндетті топтарына, яғни, медицина мен құқық қорғау саласы қызметкерлеріне  екпе жасалуда.   Сонымен қатар, өз денсаулығына алаңдап, вакцина қабылдаған  қарапайым тұрғындар да жетерлік.  Екпе салдырғандар арасында     шағымданғандар  әзірге жоқ.

БАҚЫТЖАН  ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ -  СОЗАҚ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ  ДӘРІХАНА   МЕҢГЕРУШІСІ (Міне, қазір ғана салдырып, демалып отырмын. Ешқандай жағымсыз әсері жоқ.  Меніңше, бәрәміз салдырғанымыз құрыс. Денсаулықты күту керек...)

АҚМАРАЛ  ОСПАНОВА – СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ  (Мен  вакцина салдыру үшін келіп отырмын. Ертерек маскадан, карантиннен құтылу үшін  салдыруымыз керек. Бұдан қорқудың қажеті жоқ..)

Аудандағы екпе жұмыстары басталған екі апта мерзім ішінде 450- ден астам адамға екпе жасалған.  Тұрғындар арасында әлі де түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.  Норма бойынша  ауданға бөлінген   вакциналық препараттар  қоры бар. Сала мамандарының айтуы бойынша  жақын күндері  ауданға тағы да біраз мөлшерде  вакцина бөлінбек.

 

М. Атабек                                                                                     

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
17:37, 21 маусым 2021
ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
17:36, 21 маусым 2021
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар