ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ӨЗБЕКСТАННАН КЕЛЕТІН СУ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ

17:07, 21 шілде 2021

Қазір елімізге Өзбекстан Республикасынан Достық каналы арқылы секундына 80,0 текше метр су ағын келуде. Бұл нәтижелі жұмыстың жемісі. Бүгінде күнгей жұрты үшін өзекті болып отырған ағын судың мәселесі бойынша өңірге іс сапармен келген еліміздің экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов осылай, деді. Айтуынша, су тапшылығына қарамастан бірлескен жұмыстардың арқасында вегетациялық кезең қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Министрлік өкілі Жетісай ауданында өткен жиында аудан әкімдерімен бейне-конференциялық байланыс жасап, тұрғындарымен кездесті.

Жиында Жетісай мен Мақтаарал аудандарының ағын су мәселесі ортаға салынды. Онда су қорларын үнемді және тиімді пайдаланудың өзекті мәселелері талқыланды. Жылда жазғы суару кезінде мырзашөлдік шаруаларға ,,Достық" магистралдық каналынан түрлі себептермен қажетті су көлемі жетпей қалады.  Осыны ескерген  аудан әкімі вице-министрден Шардара су қоймасынан машиналық әдіспен су көтеру арқылы қосымша ағын су алу үшін каналды қосуды сұрады. Бүгінде аудандағы 80 мың гектар суармалы егістікте 10 мыңға жуық агроқұрылым жұмыс істеп жатыр. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін 40 мыңға жуық тұрғынның күнкөрісі өнім көлеміне байланып тұр. Алайда Серік Қожаниязов ,,Шардара" су қоймасының негізгі қызметі Түркістан және Қызылорда облыстарын ағын сумен уақытылы қамтамасыз ету екендігін алға тартты.  

Серік Қожаниязов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі:

Дегенмен, көтерілген ұсыныс каналда су тапшылығы болған жағдайда су бөлу жүйесіне сәйкес қабылданатынын болды. Ал қазір екі ауданға да жеткілікті мөлшерде ағын судың берілуін қамту үшін шаруалардың бар суды үнемді пайдаланудан басқа амалы жоқ. Бұдан бөлек жиында вице-министр ирригациялық жүйені және суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап берді. Бүгінде Қырғызстанның Тоқтоғұл су қоймасынан Сырдария өзенінің арнасына маусым-тамыз айларында 330 млн.м3 су көлемінде қосымша су жіберу туралы уағдаластыққа қол жеткізілген.

Серік Қожаниязов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі:

Айта кетейік, Өзбекстаннан Қазақстанға келетін су көлемі ұлғайтылмақ. Еліміздің экология, геология және табиғи ресурстар министрі өзбекстандық әріптесімен кездесу өткізді. Олар Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысындағы су жағдайын жақсарту жөніндегі бірлескен шараларды талқылап алды.  Сондай-ақ, Шардара су қоймасына келетін ағынды арттыру үшін бірлескен шараларды жалғастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Тараптар осы жылдың соңына дейін рәсімдерін аяқтау ниеттері бар екенін растады.

 

М.Рысбаева        

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...