ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Ең көне теміржол вокзалы - Түркістанда

18:00, 11 маусым 2015

Ең көне теміржол вокзалы қайта жөнделуде

Еліміздегі ең көне теміржол қай қалада екенін білетін боларсыз?! Әлбетте, ол - өзіміздің Түркістанда. 1904 жылы негізі қаланған қасиетті шаһар вокзалында жаңалық! 1 жылдан бері тарихи ескерткіштер санатына енген нысан күрделі жөндеуден өтуде.

Көненің көзі болған бұл вокзал Түркістанның тарихи маңызын арттыра түсетін нысан. Сонау Кеңес Өкіметі кезеңінен халыққа қызмет көрсетеді. Жөндеуді қажет ететіндей жөні бар. Араға 15 жыл салып барып, ауқымды жұмыстың атқарылуына  «Қазақстан Теміржолы»  АҚ-нан 400  млн. теңге  қаржы бөлінді.

Айдархан Байдәулетов,  Түркістан теміржол вокзалының бастығы:

Күрделі жөндеуден 2000 жылы өткен. Одан кейін 2014 жылы қазан айында  басталды.  Барлық вокзалдың алаңдары көркемдік жұмыстары бәрі істеліп жатыр. Қанша жылдан бері от жағылмаған. Сондықтан ауа райының қолайсыздығына байланысты кішкене қиыншылыққа тап болып,солардың алдын алып, тамыз айында бітеміз деп жоспарлап отырмыз!

Туристік қала қақпасының  жаңа кейіпке енуіне 40 адам тер төгуде. Бүгінде жұмыстың тең жартысы біткен. Енді жарықтандыру, абаттандыру жұмыстары мен теміржол мейрамханасының декорациясы қалды.

Қуаныш Сейтбеков, суретші:

3 айдың көлемі болды. Негізінен бұрынғы суреттерді қалпына келтіріп жатырмыз. Акрил деген материалмен. Цветтерін де сол бұрынғыларын сақтап жатырмыз. Сосын бұл акрил болғаннан кейін сәл ауа ұстайды да!

Қымбат  Қантеміров,  инженер-құрылысшы:

2014 жылдан бері 200 дей адам жұмыс істеді қазіргі таңға,40 аамдай жасап жатыр жұмыс.Негізгі қалған жұмыстар интерьер,декорация жұмыстары.

Заманауи талаптарға сәйкес жөнделіп жатқан теміржол вокзалында талаптар қатаң  сақталуда. Арнайы ана мен бала бөлмесі бар. Жолаушы жанына қажет жағдайлар тегіс жасалуда. Жұмыс сапасына мердігер  «Бизнес Экспресс строй» мекемесі 2 жыл кепілдік беріп отыр.

 

Нұргүл ТАПАЕВА 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕГІ НЫСАНДАР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛУІ МҮМКІН
15:49, 26 қазан 2021
ШЫМКЕНТТЕГІ НЫСАНДАР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛУІ...
Толығырақ...
СУ ҚОЙМА ҚОЖАЙЫНДАРЫ БАЛЫҚШЫЛАР ТАЛАБЫНА ЖАУАП БЕРДІ
15:48, 26 қазан 2021
СУ ҚОЙМА ҚОЖАЙЫНДАРЫ БАЛЫҚШЫЛАР ТАЛАБЫНА ЖАУАП БЕРДІ
Толығырақ...
ТӘЙ ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
15:47, 26 қазан 2021
ТӘЙ ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ-2021» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
12:24, 25 қазан 2021
«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ-2021» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
16:47, 22 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
16:46, 22 қазан 2021
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...