ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН АЗАМАТШАЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

14:10, 5 наурыз 2021

Шуақты көктемнің алғашқы мерекесі қарсаңында қаладағы Әл-Біләл мешіті нәзікжандыларға қуаныш сыйлады. Алла үйінің қызметкерлері пандемия кезіндегі қиындыққа қарамай еңбек еткен азаматшаларға құрмет көрсетті. Марапат тұғырында сондай-ақ, көп балалы аналар мен қоғамның дамуына аянбай тер төгіп келе жатқан әйелдер де бар.

Мереке қарсаңында бұл үрдіс қаладағы бірқатар мешіттерде жалғасады. Бастамасы Әл-Біләл мешітінен басталды. Шара барысында имамдар қазіргі қоғамдағы және діндегі әйелдер рөліне ерекше тоқталды. Олардың құрметі тек мереке қарсаңында ғана емес жыл он екі ай асқақ екенін тілге тиек етті.

Бағдәулет Әбдурахманов – Шымкент қаласының бас имамы

Қасиетті құран кәрімде жұмақтың кілтін ананың табанының астынан іздеңдер деген. Біздің қоғамда әйелдер қашан да құрметке ие. Мерекені пайдалана отырып біз қаладағы нәзік жанедыларды қуантқымыз келді. Бұл үрдіс одан әрі жалғастыратын боламыз.

Бүгінгі қоғамда нәзікжандылар ерлермен иық тіресе қоғамның дамуына ат салысуда. Үй мен түздің шаруасын қатар  алып жүрген азаматшалар еңбегі де ескерусіз емес. Бүгін құрмет тұғырынан көрініп, көңілі марқайған  аналар алғыстарын жаудырды.

Гүлшекер Тоқбергенова – 24 ІТ мектебінің мұғалімі

30 жылдан аса ұстаздық етіп келемін. Өте қуаныштымын. Еңбектеріңіз жана берсін. Халықаралық әйелдер күні баршаңызға құтты болсын.

Шара барысында  ізгілік пен имандылыққа баулитын келелі әңгімелер айтылды. Нәзік жандыларға сый-сияпат табысталып, мерекелік ас мәзірі ұсынылды.

 

Д.Өмірзақова                                                                                         

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...