ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ПАРАСАТТЫЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ – ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

12:44, 9 сәуір 2021

Жарқын болашаққа жол бастайтын ел жастарының қаруы – ұлттық тәрбие, парасатты сана, адал еңбек. Осылай деген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі облыстың белсенді жастарымен бас қосты. Сондай-ақ, іс-сапарда аудандардағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің жетекшілері мен зиялы қауым өкілдерін сөзге тартты. Пікір алмасуда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың жарқын үлгісін қалыптастыру, қоғам індетінің деңгейін төмендету сөз болды.

Жігерлі жастармен өткен басқосуға «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің басшысы, облыстық мәслихат депутаты Амалбек Өміртай,   «Түркістан - Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің  жетекшісі Гүлзия Қарсыбай және жобалық кеңсенің қала/аудандардағы  жергілікті  жетекшілері қатысты. Жиында қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында балабақшалардан бастап,  барлық оқу орындарында, мекемелерде анонимді сауалнамалар жүргізу, үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуде бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желілерді жұмылдыру туралы ойлар ортаға салынды.

Сәдібек Түгел- «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, жазушы 

Ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды насихаттауды жұртшылықпен бірге жүргізу керектігін алға тарқан Жазира Жылқышиева: Адам бойындағы парасаттылық арқылы жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру – Агенттіктің басты ұстанымы екенін айтады. Ал мұндай игі іске зиялы қауым өкілдері елімізге белгілі тұлғаларды тартып, өз ортасына сыйлы азаматтарды үлгі ету арқылы қол жеткіземіз – деп өз ойларын ортаға салды.

Жазира Жылқышиева – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі

Парасаттылық принциптерінің қоғам алдындағы маңыздылығын ортаға тастаған сала белсенділері қашанда жемқорлықты жоюдың жолы «Адал іске үндейтін» шараның көп ұйымдастырылуы арқылы алдын аламыз деп тарқасты.


Нұрсұлатан Мұхамеджан                                                                       

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
17:37, 21 маусым 2021
ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
17:36, 21 маусым 2021
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар