ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ПОЛИЦИЯ БАСТЫҒЫ ОНЛАЙН ЕСЕП БЕРДІ

16:37, 9 сәуір 2021

Халық үнін еститін мемлекет. Елге жақын полиция. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «полицияның ашықтығын және халыққа жақын болуын тапсырған-ды. Осы мақсатта Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бастамасымен қалалық Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жұмаханбетов қала тұрғындарына онлайн форматта есеп берді.

Полицияның басты мақсаты – халықпен байланыс жасап, қылмыспен күрес және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл жолда тәртіп сақшыларының еңбегі ерек. Қала аумағында қылмысты алдын алу және болдырмау мақсатында, «Қауіпсіз квадрат», «Көрші назары», «Учаске», «Құқықтық тәртіп», «Пробация», «Өзіміздің полиция» және тағы басқа жедел профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Ералы Жұмаханбетов – Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы

Тыныштықты бұзып, тәртіп сақтамағандармен күресу оңай емес. Ағымдағы жылы қоғамдық орынға мас халде келгені үшін 75,  қоғамдық орында тиісу бойынша 71, қоқыс тастағаны үшін 85 және өзгеде баптар бойынша 62 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалға берілетін 525 пәтер анықталса, ол үйлерде тiркеусiз тұрып жатқан 382 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ералы Жұмаханбетов – Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы

Халықпен ашық жұмыс атқару мақсатында, полицияның қоғамдық көмекшісі болуға қала тұрғындарына ұсыныстар жасалды. Нәтижесінде 2019 жылмен салыстырғанда қоғамдық көмекшілердің саны 115-тен 220-ға артты. Тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін, олардың еңбегі де ескерілді. 150 азамат марапатталды. Жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында, көлік жолдарын 515 рет шара ұйымдастырылып, анықталған кемшіліктерді жою үшін, тиісті мекемелерге 510 ұйғарым жолданды. Соның нәтижесінде, қала көшелеріне 170 дана жол белгілері, қиылыстарға 15 сигналды бағдаршам орнатылды.

 

Г. Қалмырзақызы                                

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
17:37, 21 маусым 2021
ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
17:36, 21 маусым 2021
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар