ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ

11:51, 8 қаңтар 2022

Елдің тыныштығын алып, жастарды мемлекетке қарсы қойған арандатушылар міндетті түрде жазаланады. Ал, осы орын алған трагедиялық жағдайдан кейін елдегі барлық мәселелер демократиялық жолмен, адам құқықтарын қорғай отырып шешілетін болады. Бұл туралы бүгін халыққа арнайы үндеу жасаған Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Айтып өтейік, елімізде енгізіліп отырған төтенше жағдайға байланысты мәлімдеген Мемлекет басшысы лаңкестермен күрес жұмыстарының содырларды толық жойғанша жалғаса беретінін айтты.

Қазақстан зайырлы мемлекет. Сондықтан бізде әркім өз ойын ашық айтып талап-тілегін білдіруге құқылы. Ол туралы арнайы заң бар.  

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті

Менің 2020 жылдың мамырында мен қол қойған заңда бейбіт шеру демократияның бір белгісі деп көрсетілген. Алайда, кешегі шерушілердің арасындағы белсінділер өздерін заңнан биік қойып, ауыздарына келгенін айтуда.  

Мемлекет басшысы өз үндеуінде ҰҚШҰ көмек сұрағанын мәлімдей отырып, бүгінгі таңда біріккен бітімгерлік әскери күштердің келе бастағанын жеткізді. Осы орайда, ҰҚШҰ басшылық ететін Армения мемлекетінің Премьер-министріне, және ұйымға мүше елдердің басшыларына ҚР Президенті алғысын айтты. Бүгінде қылмыскерлер мен адам өлтірушілердің, қарулы топтардың оның ішінде өзіміздің елдің азаматтары мен шет елден келген іріткі салушыларға қарсы күрес күшейтіліп, арнайы операциялар жалғасуда. Басбұзарлар мен террористер жақын арада толық тұтқындалады, деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті

Лаңкестермен күрес жалғасуда

Ел Президенті халыққа жасаған үндеуінде әлеуметтік желілерде не болса соны айтып, жалған ақпара таратып, мемлекеттің тыныштығын бұзуға талпынғандар жазасыз қалмайтынын жеткізді. Арам ниеттілер мемлекеттік маңызды ғимараттар мен әлеуметтік нысандарды қиратқанымен қоймай,  адам құқықтарын аяққа таптап, азаматтардың өліміне дейін алып келді. Осы орайда, қақтығыста қаза тапқандардың жақындарына Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айта отырып, халықты қоғамдық тәртіпке бағынуға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті

Президент халыққа жасаған үндеуінде мемлекет үшін маңызды қадамдарды 11 қаңтарда өтетін Мәжілістің отырыста мәлімдейтінін жеткізе отырып, егемен еліміздің ертеңіне зор сеніммен қарайтынын қадап айтты.  

 

Г Асқарқызы  

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...