ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ БАЯНДАЛДЫ

12:24, 13 қаңтар 2022

Шымкентте қала әкімінің төрағалығымен өткен онлайн-жиналыста ҚР Президентінің 11 қаңтарда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылығын сақтау бойынша берген тапсырмаларын жүзеге асыру барысы талқыланды. Қала әкімі әрбір берілген тапсырманы жүзеге асыру мақсатында жұмыс жоспары мен жүйелі индикаторлар әзірленіп, сапалы және барынша жылдам орындалу қажеттігін айтты.

Еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыру бағытында өңірде атқарылатын жұмыстар туралы басқарма басшылары баяндады. Алдымен экономика басқармасының басшысы жаппай тәртіпсіздік кезіндегі қираған ғимараттар мен мүліктерді жедел қалпына келтіру, экономиканы әртараптандыру, халық табысын арттыру,  инфляция деңгейін  төмендету мәселесін қозғады. Қала бюджетінің кіріс жоспарын арттыру, жекешелендіру жұмыстары туралы  қаржы басқармасы айтса, кәсіпкерлік саласын өркендету,  индустриалды-инновациялық, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері туралы Кәсіпкерлік және индустриалды, инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары баяндама оқыды. Шымкентте ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу кәсіпорындарын дамытуға мүмкіндіктер бар екенін алға тартқан қала әкімі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар есебін тыңдады. Сонымен бірге, жиында техникалық мамандықтарға басымдық беріп, инженерлер мен өнеркәсіпшілердің жаңа буынын өсіру, жұмыссыздық, азаматтық институттардың қызметін жүйелендіру, коронавирустың таралуына жол бермеу мәселесі сөз болды. Шаһар басшысы жиынды қорытындылап, тиісті басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді:

 

АВТ. МАҚСҰТ.           

Тақырып бойынша материалдар

«АЙБЫН–2022» VIII ОБЛЫСТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
13:57, 25 мамыр 2022
«АЙБЫН–2022» VIII ОБЛЫСТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Толығырақ...
«МЫҢ БАЛА» МЕКТЕБІ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҚТЫ
13:54, 25 мамыр 2022
«МЫҢ БАЛА» МЕКТЕБІ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҚТЫ
Толығырақ...
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...