ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

13:46, 17 қыркүйек 2021

Ауғанстан қашқан босқындар елімізге кіргізілмейді. Және шетелдің әскери базалары Қазақстан аумағында орналастырылмайды. Бүгін Душанбеде өткен қауіпсіздік кеңесінің сессиясында мемлекет басшысы осылай деп мәлімдеді. Әрі Қасым-Жомарт Тоқаев Ауған елімен сауда-экономикалық байланысты қалпына келтірудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ барлық сын-қатерді, соның ішінде терроризм мен экстремизмнің таралуы, қару-жарақ пен есірткі саудасының артуы және босқындардың жаппай босуы секілді мәселелерді шұғыл шешу керек екенін атап өтті. Әлем назары ауған алқалы жиын жайында Досжан Маратұлы.

Душанбе. Орталық Азиядағы тарихы терең шахар. Жайқалған жасыл желек пен зәулім ғимараттар көздің жауын алады. Халқы бейбіт күнде бейқам өмір сүріп жатыр. Бірақ небары 200 шақырым жерде тәліптер билікті күшпен басып алған Ауғанстан тұр. Бұл тәжіктерге ғана емес, тұтас өңірге қауіп. Сондықтан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары Душанбеге жиналып, осы мәселені тағы бір таразы талқысына тартты

Құрылғанына биыл 19 жыл болған ұйымның негізгі міндеті өзара әскери ынтымақтастық орнатып, қауіпті бірлесе еңсеру. Құрамына 6 мемлекет: Қазақстан, Армения, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді. Бірақ коронавирусқа байланысты карантинде отырған Владимир Путин жиынға онлайн қатысты. Ал өзгелері протаколға сай суретке түскен соң, күн тәртібіндегі мәселелерді алдымен шағын құрамда талқылады.

ЭМОМАЛИ РАХМОН ТӘЖІКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Біз саяси тұрғыда өзара іс-қимылдарымызды жоғары деңгейде іске асырып келеміз. Сыртқы саяси көзқарастарымыз ортақ. Екіншіден, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге келгенде, бірлескен шара қабылдай алдық. Парламентаралық байланыс кеңейді. Ауғанстандағы жағдай ушыққан кезде ұжымдық әрекет ету дайындығы жоғары деңгейде қамтамасыз етілді. Әсіресе, бітімгерлік мақсаттағы жұмыстарымыз өз нәтижесін беруде.

Бұдан соң сөз болған негізгі мәселе Ауғанстан. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев тәжік-ауған шекарасындағы қауіпсіздікті бірлесіп арттыруымыз керек деді. Бұл ұйымға мүше елдердің тыныштығы үшін қажет. Сондай-ақ Шұғыл мониторингтік топ құру жайлы Тәжікстан ұсысын қолдайтынын жеткізді. Осы арқылы ауған еліндегі ахуалға бақылау жасап, түрлі қауіптің алдын алуға болады. Әрі мемлекет басшысы тәліптерден қорқып қашқан босқындарға қатысты ұстанымын айтты. 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ (АУД)\ Ауған босқындарын және елдеріміздің аумағында шетелдің әскери базасын орналастырудың тиімсіздігі туралы ұйымға ортақ ұстанымды қолдаймын. Сонымен қатар гуманитарлық көмек пен ауған халқына халықаралық қолдау көрсетудің маңыздылығын ескеру қажет. Осы орайда БҰҰ-ның Ауғанстандағы Миссиясының қызметкерлері Алматы қаласында уақытша орналастырылды.

 

Иа ауған еліне гуманитарлық көмек қажет-ақ. Өйткені билікке кім келсе де, миллиондаған бейбіт халық аш-жалаңаш. Қазір шекара жабылып, сауда-саттық тоқтаған. Сол үшін елді қымбатшылық пен тапшылық жайлады. Мұның арты азаматтық соғысқа апаруы мүмкін дейді президент. Сондықтан сауданы қайта жандандыру маңызды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ (АУД)  Ауғанстанмен арадағы қалыптасқан сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және энергетикалық байланыстарды мүмкіндігінше қайта қалпына келтіру маңызды деп санаймын. Ауғанстандағы ұзақмерзімді стратегиялық ұстанымдарын әзірлеуге қатысты жаңа биліктің қызметін мұқият бақылауды жалғастыру қажет. Біздің негізгі бағдарымыз – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі. Қазақстан оны толық қолдауға ниетті.

Десе де сауданы жандандыру үшін тәліптермен келісімге келу керек. Егер олар сауданың жанданып, елдің экономикалық ахуалы жақсарғанын қаласа, міндеттемелер алып, соны қатаң ұстануы тиіс.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Ауғанстанның жаңа билігімен іс-қимылдарды үйлестіру және ықпалдастықты қамтамасыз ету жөнінде нақты шаралар қабылдауды ұсынамын. Жаңа ауған билігі шекаралас мемлекеттер мен аймақтарға терроризм қаупінің таралмауына жол бермеу жөніндегі міндеттемелер алуы тиіс. Бұл біздің айқын басымдығымыз. Бұл есірткі тасымалы мен заңсыз көшуге қатысты. Олармен күрес барлық мүдделі тараптардың ұжымдық күш-жігерін талап етеді.

Сессияда мемлекет басшылары ұйым сарбаздарын құқықтық медициналық қолдау және материалдық-техникалық жабдықтау секілді ортақ келісімдерге келді. Әрі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы да қолдау тапты. Ол бітімгерлік қызмет туралы келісім.

МҰХТАР ТІЛЕУБЕРДІ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ -  СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ   

Бұл бастамаға сәйкес осы ұйымның бас хатшысының жанында арнайы өкіл тағайындалатын болады.  Бұл өкіл бітімгерлік мәселелермен айналысатын болады. Өздеріңіз білетіндей, біздің бітімгерлік миссиялар БҰҰ шеңберінде әр түрлі аймақтарда үлестерін қосуда.

Иә, қазақ бітімгерлері осы уақытқа дейін Тәжікстан, Батыс Сахара мен Кот-Дивуарада және Иракта БҰҰ-ның осындай бітімгерлік операцияларына қатысқан. Енді Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында осындай миссияларға жіберіледі. Тіпті Ауғанстандағы ахуалды реттеуге көмектесуі мүмкін. Ал саммит қорытындысы бойынша ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясын қабылдады. Президентінің айтуынша, бұл ұйым жұмысымыздың маңызды бағдары.

ДОСЖАН МАРАТҰЛЫ, ТІЛШІ

Ендігі міндет осы келісімдерді іске асыру. Бұл терроризм, экстремизм секілді тамыры құрлықтан құрлыққа жайылған кеселдермен күресуге сеп. Алты мемлекет сол үшін де жаһандық қауіп-қатерге жұмыла  қарсы тұруға келісіп отыр. Ал сессия қорытындысы бойынша тараптар ұйымға бір жыл төрағалық еткен Тәжікстанның жұмысын жоғары бағалады. Ендігі кезек Арменияда. Айта кетейін, алдағы жылы ұйым үшін мерейтой. Құрылғанына 20 жыл толмақ.

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕГІ НЫСАНДАР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛУІ МҮМКІН
15:49, 26 қазан 2021
ШЫМКЕНТТЕГІ НЫСАНДАР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛУІ...
Толығырақ...
СУ ҚОЙМА ҚОЖАЙЫНДАРЫ БАЛЫҚШЫЛАР ТАЛАБЫНА ЖАУАП БЕРДІ
15:48, 26 қазан 2021
СУ ҚОЙМА ҚОЖАЙЫНДАРЫ БАЛЫҚШЫЛАР ТАЛАБЫНА ЖАУАП БЕРДІ
Толығырақ...
ТӘЙ ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
15:47, 26 қазан 2021
ТӘЙ ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ-2021» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
12:24, 25 қазан 2021
«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ-2021» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
16:47, 22 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
16:46, 22 қазан 2021
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...