
Президентті қолдау – Мемлекетті қолдау. Осылай деген қоғам белсендісі, айтыскер-ақын Біржан Байтуов сын сәтте халықты Мемлекет басшысын қолдауға шақырды.
Расында, қиын кезеңде ханға да халықтан қолдау қажет. Арандатушылар мен бүлікшілердің дегені болып, ел арасы ылаңданған шақта ел Президентіне өз халқының ынтымағы керек. Мемлекет басшысының бүгінде мүддесі біреу. Ол – қастерлі Тәуелсіздігімізді сақтап қалу мен жұрт амандығы. Осы тұста барша Қазақстандық бір жұдырықтай жұмылып, бір тудың астына топтасуы керек, - дейді Біржан Байтуов.
Біржан Байтуов – айтыскер, ақын
Бір қуаныштысы, бүлікшілерден бірлікке шақырушылар қатары көп. Бірнеше күннен бері елдігімізбен сыналып жатқанда әлеуметтік желі белсенділері Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміз үшін қиын кезеңде оң шешімдер шығарып, террористермен күресте табандылық танытып жатқандығына ризашылықтарын білдіруде. #КүшімізБірлікте #ПрезидентімдіҚолдаймын сынды хэштегтер арқылы өз қолдауларын көрсетуде.
Перизат Ортай