ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

РАМАЗАН АЙЫНДА МЕШІТТЕРДЕ ТАРАУИХ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ

12:29, 9 сәуір 2021

Рамазан айында мешіттерде тарауих намазы оқылмайды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов баспасөз брифингінде мәлімдеді. Оның айтуынша биыл хатым құран онлайн форматта оқылмақ.

Тарауих намазы –Рамазан айының  маңызды ғибадаттарының бірі. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім рамазан айында тарауих намазын шын ықыласпен оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі»,– деген. Десе де биыл бұл құлшылықтың түрі мешіттерде жамағатпен оқылмайды. Елдегі эпидемиялық жағдайға байланысты намазды әркім өз шаңырағында оқығанның сауабы мол, дейді бас имам.

 Бақдәулет қажы Абдрахманов – ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша бас имамы

Биылғы пітір садақа көлемін шариғат және пәтуа бөлімі 420 теңге етіп бекіткен. Бұл еліміздегі 2 кг ұнның орташа бағасына сай.  Имамдар қайыр-садақаны мейлінше каспи және басқада қосымшалар арқылы онлайн берген жөн деп отыр. Сондай-ақ, салаға жауаптылардың мәлімдеуінше коронавирусқа қарсы екпе қабылдау оразаны бұзбайтын көрінеді. Себебі бұл вакцина адам организміне ешқандай күш қуат бермейді екен.

Бақдәулет қажы Абдрахманов – ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша бас имамы

Айта кетейік рамазан айында оқылатын Хатым Құран бұрынғыша тарауих уақытында түсірілсе, биыл мешіттерде онлайн форматта күндіз оқылатын болады. Естеріңізге сала кетейік биыл оразаның алғашқы күні 13 сәуірге тура келіп отыр. Ал алғашқы тарауих намазы болса сәуірдің 12 күні оқылады.  Сондай-ақ, Қадір түні 8 мамырдан 9-на қараған түнге сәйкес келеді.

 

Е. Бөбеев

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
17:37, 21 маусым 2021
ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
17:36, 21 маусым 2021
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар