
Шымкентте Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жыр арқауы – Тәуелсіздік» атты республикалық жас ақындар байқауы өтті. Ұлттық өнерді ұлықтауға қаламыздағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университеті мұрындық болды. Өнер додасына республиканың әр өңірінен жиналған 12 айтыскер қатысып, жыр бәйгесінің көрігін қыздырды.
Шараның мақсаты – жастардың бәсекелік қабілетін арттыру, ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, өскелең ұрпақты ұлттық өнерге баулу,-дейді оқу ордасының басқарма төрайымы. Жыр бәйгесінің бас жүлдесіне жүлде қоры 1 миллион теңгені құрайды. Оның да өзіндік себебі бар.
Гүлжан Сүгірбаева – Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры
Республикалық деңгейдегі жыршылар додасында 6 жұп бақ сынады. Суырып салма ақындар арасындағы ең жасы – жергілікті ақын Аллажар Сапархан. Ол бүгінгі айтыста өзінің мақамымен, сондай-ақ, сөз шеберлігімен көпшілікті таң қалдырды. Бала ақын атадан аманат болған қасиетті өнерге ес білгелі жанына серік еткенін айтады.
Аллажар Сапархан – қатысушы, Шымкент қаласы
Дәурен Ысқақ – қатысушы, Нұр-Сұлтан қаласы
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл айтыс өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, олардың таным-талғамын ұлт руханиятына бағыттайды, қазақтың төл өнері, құдыретті сөзі арқылы мемлекеттік тілдің мерейін арттырары сөзсіз.
Перизат Ортай