ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

РЫСҚҰЛОВ КӨШЕСІНІҢ ЕКІНШІ БӨЛІГІ АШЫЛДЫ

20:00, 23 қараша 2021

Шымкент қаласында Д.Қонаев - Т.Рысқұлов жолайрығының Т.Рысқұлов көшесінің екінші бөлігі көлік қозғалысына ашылды. Бұрын осы қиылыстан тәулігіне 60 мыңға жуық автокөлік өтетін болса, қазіргі өткізу қабілеті 140 мыңға жетті. Қаладағы ірі жобалардың бірі болып табылатын нысан құрылысы аяқталып, көлік қозғалысы барлық бағытқа ашылды. Ендігі кезекте аймақты абаттандыру, жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары бар. Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылысы аяқталуға жақындаған жолайырық құрылыс жұмыстарын тексеріп шықты.

«Бүгін жолайрық құрылысы аяқталып, барлық бағыты көлік қозғалысына 100 пайыз ашылып отыр. Баршамызға құтты болсын! Бұл бағыттағы ірі жобалар жалғасын табады. Кезекте Бәйдібек би – Арғынбеков жолайырығын салу бар. Енді жүк осы Рысқұлов көшесіне түседі. Кептеліс-әр мегаполистің басты мәселесі. Мақсатымыз оны барынша жеңілдету. Қала тұрғындарын түсіністікпен қарауға шақырамын»,- деді қала әкімі. Айта кетейік, бұл мега жоба құжаттама бойынша екі жылға жоспарланған. Қала орталығында ғыыңғайсыздықтарды ертерек жою мақсаты мен қарқынды құрылыс  жұмыстары нәтижесінде осы жылы аяқталды.

 

Ә. Дәулетбекқызы

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...