ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

САЙРАМДА МӘРТӨБЕ АЛАҢЫ АШЫЛМАҚ

17:23, 16 қараша 2020

Биыл Сайрам ауданында елдік мәселеге қатысты көптеген тірліктер атқарылды. Соның бірі -- ауыл – аймақтарды абаттандырып, көшелерді көркейту ісі. Осы жұмыстар аясында қазір Ақсукенттегі орталық алаңда да құрылыс қарқынды жүруде. Жұмыстар толық аяқталған тұста бұл жер Мәртөбе алаңы деген атауға ие болмақ.

Рас, биыл Сайрам ауданында  көптеген тыңғылықты  тірліктер атқарылды.  Осы жұмыстар аясында жарықшамдар мен  бағдаршамдар  ретке келтіріліп,  көшенің көркін  ашатын түрлі ою-өрнектер қайта жаңарды.  Көшелер мен елдімекендердегі заң талаптарына қайшы ілінген жарнамалардың бəрі алынды. Сондай –ақ, аудан басшысының тапсырмасына сəйкес,   жұмыстарымен қатар тұрғын үй, кəсіпкерлік нысандардың қасбетін ретке келтіру жұмыстары да жүйелі жүргізілді.

 

МҰХТАР АТАБЕК – ТІЛШІ

 

 

КСМ:  Абаттандыру жұмыстары әлі де жалғасын табуда. Мұндай жұмыстар қазір  аудан орталығы Ақсукентте де     қарқын алған. Мәселен, қазіргі таңда Абылай хан көшесі бойындағы "Мәртөбе" алаңын абаттандыру жұмыстары қызу жүруде. Құрылысты аяқтау-   осы  жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

 

МӘДИ НҰРЛЫБАЕВ – САЙРАМ АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ, КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

 

КСМ: Абылайхан бабамыздың   ескертікіші тұрған бұл алаң  бұған дейін де халықтың ең көп келетін  мекеніне айналған. Енді құрылыс толық аяқталған тұста бұл мекеннің ажары қайта ашылып,    халық үшін нағыз демалыс алаңына айналмақ.

 

КСМ:  Алаң пайдалануға берілгенде    бұл жер   әсіресе, балалар үшін сүйікті мекенге айналатын болады.  Өйткені, мұнда балғындар  үшін барлық жағдай жасалмақ.

 

М. Атабек                                                                                     

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...