ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

САЙРАМДЫҚ ӘЙЕЛ 150 АДАМДЫ АЛДАҒАН

17:17, 16 маусым 2021

Түркістан облысының полицейлері 150-ге тарта тұрғынды алдаған алаяқ әйелді ұстады. Күдікті осы уақытқа дейін онлайн несие алып беремін деп талай адамды сан соқтырған. «Түркістан облысы Полиция департаментіне банк қызметкерінен онлайн-несие рәсімдеуге қатысты күмәнді жайттар туралы хабарлама келіп түседі. Ақпарат алысымен полицейлер шұғыл іске кірісті. Жедел уәкілдер тексеру кезінде, жергілікті тұрғындар құрбан болуы мүмкін алаяқтық әрекеттер бар деген қорытындыға келді.

Орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында Полиция департаментінде жедел-тергеу тобы құрылды. Өзгенің ақшасын оңай жолмен иеленіпген алаяқты ұстау шаралары жедел уәкілдермен жүйелі жүргізілді. Мұндай қылмыстарды ашудың күрделілігі алаяқтардың басқа елдердің аумағында отырып-ақ әрекет етуінде. Сондықтан іс-шара барысында әртүрлі нұсқаларды әзірлеп, әр хабарлама мен басқа да ақпараттар өңделген. Күдіктілердің жеке басын анықтау бойынша үлкен және өте мұқият жұмыс жүргізіліпті.

Салтанат Қаракөзова – Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі

Сайрам аудандық полиция басқармасының тергеушілерімен

Күдікті ет сатумен айналысатын саудагер әйел болып шықты. Ол Сайрам ауданына қарасты ауылдардың бірінің тұрғыны екен. Бүгінгі таңда сот оны екі айға қамауға алуға санкция берді. Белгілі болғандай, күдікті соңғы үш ай ішінде жәбірленушілерге «Әр балаңызға 50 000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек алып беремін» деп, сенімдеріне кірген. Содан кейін жәбірленушілерден алған құжаттарын пайдаланып, онлайн-несие рәсімдеген. Алдау жолымен алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.

Салтанат Қаракөзова – Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі

Күдікті ретінде полиция қызметкерлерімен күдікті тұрғын анықталып қамауға алынды

Полицейлер өңір тұрғындарын сақ болуға шақырады. Ешқандай жағдайда және ешқандай сылтаумен алаяқтық әрекеттердің құрбаны болмау үшін жеке деректер мен құжаттарды бөтен адамдарға бермеу керектігін ескертеді. Егер белгісіз біреулер сізден банк картасының деректерін, ПИН-кодтарды, СМС-тен алынған кодты және өзге де дербес деректерді сұрайтын болса, онда олар алаяқ болып табылады. Себебі банк қызметкерлері  мұндай мәліметтерді ешқашан сұрамайды.       Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада  полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз.

 

К. Дүйсенбі          

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...