ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

САЛҒЫРТТЫҢ САЛДАРЫНАН ХАЛЫҚ КӨГІЛДІР ОТЫНСЫЗ ОТЫР

13:55, 9 маусым 2021

Мердігер мекеме тарапынан жол берілген кемшіліктің кесірінен қарапайым халық көгілдір отын тұтына алмай отыр. Келес ауданындағы Біртілек ауылына 5 жыл бұрын газ құбыры тартылғанымен тұрғындар әлі күнге пешке от жағып күл шығаруда. Себебі газ тарату станциясын слу кезінде салғырттыққа жол берілген. Автоматтандырылған жүйенің дұрыс жүргізілмеуінен халық құрғақ уәдені күнде естіп келеміз - дейді.

Ауылға аяқ басқаннан көгілдір отынның үйді-үйге тартылғанын көз көріп, бар мәселе артты қалыпты ғой дерсіз. Бірақ баянсыз болған бастаманың ескерткіші сыңайлы қаз – қатар тізілген есептегіш жәшігі бос тұр...

БАҚТИЯР ҚАЛЫБЕКОВ, БІРТІЛЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

- Қойды  бірақ 1 айға жеткізбей ұрлап кетті бәрін. Тұрысы осы енді.

Жанат Айтқожаева- Біртілек ауылының тұрғыны

- Қазір 21 ғасыр бірақ сонда да ауылымызда газ жоқ. Көріп отырсыздар ошаққа отынды битіп салып, тамақты осыған жасаймыз. Бұрынғы заманның адамдары ұқсап.

Осыдан 5 жыл бұрын ауылға көгілдір отын келді дегенді естіген жұрт әр үйден 90 мың теңгені жинап беріпті. Жайбарақат халықтың замана көшіне ілесеміз деген белсенді бірлігі жауаптылардың жауапсыз тірлігімен аяқталды. Себебі күнде еститін құрғақ уәде үміт отын өшірді – дейді олар.

Асылбай Байболатов - Біртілек ауылының тұрғыны

- Енді газ баллонмен отырмыз енді. Газ келеді –келеді деп. Халықтың бәрі шулап жатыр. Енді білмедім енді халық бұдан артыққа шыдай алмайды ау. Газ баллонның бағасы 1500 теңге. Оны ары барса 20 күн жағамыз. Бір айда екі газ баллон жағамыз. Ойлай беріңіздер енді қанша шығынға батып жатырмыз.

Мәселенің бар мәні Сарыағаш және Келес аудандарының 20 ауылын газбен қамтамасыз етуі тиіс автоматтандырылған газ тарату станциясында. Себебі 2013 жылы 290 миллион теңгеге құрылысы жүргізілген нысанның  газ қабылдауға қауқары болмай шықты.

Асқар Тұрғанбаев -облыстық энергетика және түкш басқармасының бас маманы

- Осы жылға дейін жылда іс шара болады. Кемшіліктерді орындауға. Онда комиссия құрылады. Барлығы болады. Сол комиссиямен аудан әкімдіктері, мердігер мекемелер барлығы жұмылдырылады кемшіліктерді орындауға. Қазіргі таңда кемшіліктер орындалған. Тек құжаттамалары дайындалуда. Біздің жоспарымыз бойынша шілде-тамыз айларында қосу жоспарда бар.

Естеріңізге салып өтейін, Түркістан облысындағы 843 елді мекеннің тек жартысы ғана газбен қамтамасыз етілген. Мамандардың айтуынша, биыл бюджеттен 7 миллиард теңгеден астам қаражат бөлініп, 20 ауылға көгілдір отын жеткізу жоспарланған. Ал өңірлерді 100 пайыз газбен қамтамасыз ету үшін 2025 жылға дейін кешенді жоспары бекітілді.

 

М. Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...