ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

САПА МЕН БАҒА БАСТЫ НАЗАРДА

16:33, 17 қыркүйек 2021

Түркістан қаласының электр жүйесінде жаңа қосалқы станциялар іске қосылып, желі заманауи трансформаторлармен жабдықталуда. Бұған табиғи монополияларды реттеу департаменті тарапынан "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС –нің 2020жылы инвестициялық бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстары бойынша ұйымдастырылған пресс-тур аясында көз жетті. "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС -гі киелі шаһардағы жаңғырту жұмыстары мен жаңа құрылыс барысын таныстырды. Оған әкімдік пен мәслихат, тұтынушылар құқын қорғау департаменті , депутаттар мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Көне шаһардың ауқымы кеңейген сайын бұрынғы электр жүйесіне айтарлықтай салмақ түсуде. Желіні жүйелеп ауыртпалықты реттеу үшін жаңа қосалқы станциялардан жаңа жүйелер тартылған. Соның бірі  Коммунальная қосалқы стансасынан Л-73 А желісіне дейін шақырымы – 1,5 км кернеуі 35 кВ электр желісінің құырылысы, құрылыс барысында СВ-164 бағаналар, АС 95 сымдары орнатылған.  Осылайша Түркістандағы электр жүйесі жаңарып, қызметтің сапасы артты.

Исабек Сәменов - Кентау электр желілерінің басшысы

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары атқарылған ауқымды  шаруалармен танысты. Қызмет сапасын жақсартуға бағытталған шаралар бірінші кезекте тұтынушылар үшін пайдалы болып жатқанына көз жеткізді. Компанияның сапаны арттыруға жасаған қамады құптарлық іс екенін алға тартты.  

Айбек  Егембергенов - Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС-гі атқарған шаруа көп. Ескі Иханды жалғайтын ұзындығы 5,15 шақырым желі жаңарған. Сонымен қатар Түркістандағы ескірген 113 ағаш бағана бетон бағанаға ауыстырылған.  Бұл шараға облыстық әкімдік, маслихат және қоғамдық бірлестіктер мен тұтынушылардың құқығын қорғау ұйымының өкілдері қатысты.  Басты мақсат түркістандықтарды сапалы электр энергиясымен қамту.

 

К.Дүйсенбі                                                   

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕГІ НЫСАНДАР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛУІ МҮМКІН
15:49, 26 қазан 2021
ШЫМКЕНТТЕГІ НЫСАНДАР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛУІ...
Толығырақ...
СУ ҚОЙМА ҚОЖАЙЫНДАРЫ БАЛЫҚШЫЛАР ТАЛАБЫНА ЖАУАП БЕРДІ
15:48, 26 қазан 2021
СУ ҚОЙМА ҚОЖАЙЫНДАРЫ БАЛЫҚШЫЛАР ТАЛАБЫНА ЖАУАП БЕРДІ
Толығырақ...
ТӘЙ ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
15:47, 26 қазан 2021
ТӘЙ ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ-2021» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
12:24, 25 қазан 2021
«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ-2021» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
16:47, 22 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
16:46, 22 қазан 2021
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...