ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

САПАЛЫ БІЛІМ-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

12:45, 9 сәуір 2021

Жағымды жаңалық! Шымкентте SILKWAY халықаралық университеті жаңа бастаманы қолға алды. Хирмизий групп компаниясымен біріге отырып, студенттердің білімін тереңдетуді көздеп отыр. Осыған орай арнайы Түркия елінен келген Мұстафа Хирмизиұлы мен аталмыш университет президенті Ифтихар Юнусов екі жақты меморандумға қол қойды.

Екі ел арасындағы ынтымақтасты нығайту мақсатында қолға алынған жобада шәкірттерге сапалы білім беру басты назарға алынған. Жалпы, Қазақстан мен Түркияның ұқсас тұстары көп. Тарихы да мәдениеті де біте қайнасып жатыр. Сол себепті бүгінгі келісім-шарттың маңызы зор-  дейді, SILKWAY Халықаралық университетінің президенті Ифтихар Юнусов.

Ифтихар Юнусов – SILKWAY Халықаралық университетінің президенті Келісім шарт екі ел арасындағы студенттерге жасалған жағдайды еселей түстік. Біздің міндетіміз бәсекеге қабілетті, білікті мамандарды дайындау. Шәкірт тәрбиелеу жолында біріге отырып тың жетістіктерге жетеміз деп сенемін.

Бүгінде SILKWAY Халықаралық университеті әлемнің үздік 100-ден астам жоғарғы оқу орындарымен  тығыз қарым-қатынас орнатқан. 30жылға жуық тарихында 40 000 –нан астам шәкірт тәрбиелеген. Түлеп ұшқан түлектері Республиканың дерлік барлық саласында нәтижелі жұмыстар атқаруда.

Мұстафа Хирмизиұлы -  Хирмизий групп  құрылтайшысы   Біз бүгін Силкуей университетіне келіп, танысып жатырмыз. Білім беру базасы ұнады, көңілімізден шықты. Үздік жоғарғы оқу орындарының бірі екеніне көзіміз жетті. Алдағы уақытта біріге отырып, студенттерге білім беретін боламыз. Олар түрік, ағылшын тілдерін жетік меңгеріп, өздерін одан әрі дамытады. Бұл студенттерге берілген зор мүмкіндік. Сондай-ақ Қазақстан мен Түркияның да ынтымақтастыңының артуына үлесін қосады.

Бұдан кейін SILKWAY халықаралық университетінің  студенттері 6 апта бойы онлайн жүйе арқылы Түркияның білім сапасымен тәжірибе алмасатын болады.  Бүгінде жоғарғы оқу орындары үшін басқа ұйымдармен және ғылыми орталықтармен жұмыс істеу аса  маңызды. Осылайша, студенттер жан-жақты дамып, білімін одан әрі шыңдайды. Алдағы уақытта карантин талаптары жеңілдеген жағдайда, шәкірттер көрші мемлекетке барып оқуға мүмкіндік алады.

 

Айдана Қуанышқызы                                                                                                                                                                         

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
17:37, 21 маусым 2021
ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
17:36, 21 маусым 2021
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар