ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

САРЫАҒАШТЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНМЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

14:31, 16 қараша 2020

Сарыағаш ауданының дәрігерлері енді елдімекендерді аралап жүріп, науқастарға жоғары қызмет көрсете алады. Ақ халатты абзал жандарға медициналық қызметтің мұндай түрін көрсетуге жылжымалы диагностикалы медициналық кешенді көлігі мүмкіндік беріп отыр. Орталық ауруханаға келуге мүмкіндігі жоқ шалғайда орналасқан елдімекендерде тұратын науқастарға енді өздері барып, сырқаттарын анықтайтын болады.

Жақында ғана берілген бұл кешен ауруды дер кезінде дәлме-дәл анықтауға мүмкіндік беретін соңғы үлгідегі медициналық аппараттармен жабдықталған. Заманауи құралдармен жұмыс істейтін арнайы мамандар да таңдалып қойған. «Бір сөзбен айтқанда мұны халықтың денсаулығын қорғау үшін жасалып жатқан мол мүмкіндік», – дейді аурухана мамандары.

Бауыржан Оспанов - Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары

 

Сарыағаш ауданы коронавирус індетінің ықтимал екінші толқынына 100 пайыз дайын екенін де жеткізді. Ол үшін орталықтандырылған оттегі станциясы, 18 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Сондай-ақ, қосымша 246 пульсоксиметр, 150 контактісіз тепловизор алынған. Сонымен қатар, демеушілердің қолдауымен 35 оттегі концентраторы, 60 дана оттегі балоны, 1 ЭКГ аппараты мен 20 тонометр берілген. Ауруханада 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры бар.

Бауыржан Оспанов - Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары

Естеріңізге салып өтейін карантин басталғалы мұнда 2 мыңнан астам шетелдік азамат жатқызылған. Жалпы еліміздің Өзбекстанмен шектесетін Сарыағаш ауданындағы стационарда 180 төсек-орын жасақталған. Аудандық аурухана зертханасы тәулігіне 500-ге жуық сынама алуға мүмкіндігі бар.  Таяуда орталық аурухана жанынан салынған жеке оттегі станциясы іске қосылды. 

 

Нұрсұлтан Мұхамеджан                                                                       

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...