ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

САУДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТЫП,ЭКСПОРТТЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ КЕРЕК

12:43, 25 қараша 2021

Ішкі саудада инфрақұрылымның дамуы баяу. Қоймалар аз. Жалға алу және жылжымайтын мүлік нысандары мен коммуникациялар жүргізу құны қымбат. Бүгін сенатта өткен үкімет сағатында депутаттар ішкі-сыртқы сауданың әлеуетін бағамдады. Сыртқы нарыққа қатысты бірқатар сын айтты. Ішкі базарларды сапалы әрі отандық өніммен толтыру мәселесін көтерді.

Сауда арқылы ішкі нарықты қарық қылып, сыртқы нарықты бағындырып отырғанымыз шамалы. Экспорт әлі түрленбеген. Тең жартысы шикі мұнай мен мұнай өнімдері. Бірақ, импорт сан алуан. Сырттан көбіне өңделген тауарлар мен дайын азық-түліктер келеді. Машиналар, жабдықтар және көлік құралдары да жетіп артылады. ЕурАзиялық одақпен сауда жасайтын жеке кәсіпкерлер де жетісіп жүрген жоқ. Сертификат сергелдеңі тағы бар.

НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Мәселе министрге мәлім. Біздің тарап тез бұзылатын тауарларға арнап сериялық өнімдер сертификатын әзірлеген. Сондай-ақ одаққа мүше мемлекеттер арасында бірыңғай техникалық реттеу жүйесі жұмыс істеп тұр. Алайда, көрші елге өткенде тағы сертификаттауға тура келетін жәйттер бар.

БАҚЫТ СҰЛТАНОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ

Бүгінде көлеңкелі сауда жалпы сауда көлемінің жартысына жуығын қамтып отыр. Құтылу жолы – тауарды таңбалау. Бұл тәсіл бірте-бірте іске асырылуда. Бұдан бөлек азық-түліктің қымбаттауы бар. Бағаны ырыққа көндіру үшін инфрақұрылымды жасау керек.

СҮЙІНДІК АЛДАШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Сауда – ел экономикасының негізгі секторы. Жалпы ішкі өнімдегі үлесі 15%. Салада 1 жарым млн адам жұмыспен қамтылған. Енді дәстүрлі алыс-беріс орнын электронды сауда басып жатыр. Жаңа бағыт болғандықтан салықтық жағын реттеу де басты назарда. Жалпы, бет алыс жаман емес. Alibaba.com алаңына 100 отандық компания кірді. Жыл аяғына дейін тағы 50-і енеді деген жоспар бар. Қатысушылардың қаржылай көлемі – 72 жарым млн долларға жетті.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде
14:19, 30 қараша 2021
Тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА "ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ" АТТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
14:17, 30 қараша 2021
ТҮРКІСТАНДА "ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ" АТТЫ САЛТАНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
17:38, 24 қараша 2021
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
Толығырақ...
Казахстан окажет военно-техническую помощь Таджикистану и Кыргызстану из-за ситуации в Афганистане
20:53, 25 қараша 2021
Казахстан окажет военно-техническую помощь Таджикистану и Кы...
Толығырақ...
ПОЛИЦЕЙСКИЕ ЗАДЕРЖАЛИ ПОДОЗРЕВАЕМОГО УГНАЛ ТРАКТОР У РАБОТОДАТЕЛЯ
17:57, 25 қараша 2021
ПОЛИЦЕЙСКИЕ ЗАДЕРЖАЛИ ПОДОЗРЕВАЕМОГО УГНАЛ ТРАКТОР У РАБОТОД...
Толығырақ...