
Соңғы жылдары саудагерлермен тұтынушылардың арасындағы дау-жанжалдар көбейе түскен. Олардың басым бөлігі бөлшек саудаға қатысты болса, көлік қызметіне көрсеткіште көңіл көншітпейді. Бұл тізімнен қызып тұрған интернет саудасыда қалысар емес. Бұл туралы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Айман Қожамұратованың қатысуымен өткен баспасөз отырысы барысында айтылды.
Шымкент қаласы бойынша департаментке жыл басынан бері 150-ден астам тұтынушыдан арыз-шағым келіп түскен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65 пайызға көп. Аталған арыздардың басым бөлігі бөлшек сауда, көлік қызметтері мен интернет саудасына байланысты жолданған. Осы орайда, келіп түскен шағымдардың 80 пайызға жуығы қанағатандырылыпты.
Айман Қожамұратова - Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы
Брифинг барысында Айман Қожамұратова ісі сотқа дейін жеткен Скат әуе компаниясының карантин кезіндегі әрекеттеріне тоқталып өтті. Жолаушылар алдындағы 13 миллион теңге берешегін қайтарып берген әуе компаниясының кебін Шымкенттегі Подюм киім-кешек дүкеніде киген.
Айман Қожамұратова - Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы
Сонымен қатар, бірыңғай ақпараттық жүйе «е-tutynushy» платформасы бойынша кеңінен түсіндіріп өтті. Бұл платформа тұтынушы мен саудагер арасында келіспеушілік болған жағдайда тек мемлекеттік құзырлы мекемеге емес сауда орнының басшылығына да арыз түсіреді. Ол 10 күннің ішінде толық шешіледі..
Айман Қожамұратова - Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы
Алда қаладағы әрбір сауда үйі мен базарларында «Тұтынушы бұрышын» ұйымдастыру көзделіп отыр. Бұл бұрыш саудагер мен тұтынушы арасындағы түсінбеушіліктерді заң аясында дер кезінде шешуге мүмкіндік берілмек. Ол үшін департамент пен 6 қоғамдық бірлестік арасында меморандум түзілген.