ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

САЯСИ КЕҢЕС БЮРОСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

13:58, 5 наурыз 2021

«Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалының саяси кеңес бюро отырысы өтті. Шара барысында «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалы мен «Adilet Group» заң консультанттар палатасымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжаттың мақсаты –қоғамдық қабылдауға келген заңдық көмекке мұқтаж тұрғындарға тегін адвокаттық қызмет көрсету. Айта кетейік, мұндай игі істі Еңбекші аудандық филиалы алғашқылардың бірі болып бастады. Кеңес бюросының отырысында күн тәртібінде сондай-ақ, Жол картасының орындалу барысы пысықталды. Жиынға қатысушылар өз кезегінде экологиялық, қоғамдық қауіпсіздік салалары бойынша бірқатар ұсыныстар айтты. Депутаттар халықпен бірге етене араласып, тұрғындардың мәселесіне жіті назар аударуы тиіс. Халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында мәслихат депутаттары өздеріне бөлінген округтерді аралап, бұқара бұйымтайына құлақ түрмекші. Сондай-ақ басқосуда халық қалаулыларының заматтарды қоғамдық қабылдау кестесі бекітілді.

Жандос Қамбарбеков - «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

 

Г. Қалмырзақызы          

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...