ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

САЯСИ РЕФОРМАНЫҢ МӘНІ ҚАНДАЙ?

18:30, 20 мамыр 2022

Мемлекет басшысы елімізде саяси реформалар жүргізуге кірісті. Ондағы басты мақсат- халық билігін арттыру, елдегі демократияны дамыту. Бесінші маусымда өтетін референдум осы саяси өзгерістің жарқын көрінісі. Оны түсіндіру үшін Түркістанға «Sarap» сараптамалық клубының мүшелері келді.

 «Конституциялық референдум: қоғамдық даму болашағы» атты аймақтық отырысты  «Қазақстандық қоғамдық даму институты» ұйымдастырды. Жиынға облыстық қоғамдық штаб өкілдері мен белсенді жастар қатысты. "Сарап" деп аталатын эксперттер клубының саясаттанушы және әлеуметтанушылары ата заңға енгізілетін толықтыруардың мағынасын түсіндіріп берді. 

Аян Сакошов-Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы

бұл жерде талқылап отырған ең басты мәселе, жергілікті мәслихаттардың яғни жергілікті биліктің халық пен қоғамда болуы. Яғни бұл жерде ең бастысы мәслихаттағы жұмыс тәртібі өзгеретін болады. Ең басты мақсат: халықтың көтерген өзекті мәселелерін шешу, оларға жауап беру және билікпен бірлесе осы мәселелерге назар аудару.

Бұл жерде қоғам тарапынан билікке әсер ету принциптері өзгереді.Халықтың сұранысын орындау басты орында болады. Тұрғындардың мұқтажын еститін үкімет жұмысы қалыптасады. Осы жағдайды реттеу үшін  Конституциядағы 33 бапқа өзгеріс енгізіледі.

Жақсыбек Жиеналиев- Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы

Бірақ сұрақ болады референдумда, Конституциядағы өзгертулерді қолдайсыз ба қолдамайсыз ба ден, ия или жоқ деген? Бірақ осы бір сұрақтың алдында халқымыздың ары қарай өмір сүруі болашағы, деократиялық құндылықтардың қандай деңгейде болатыны осы конституциядағы өзгертулерге енген.

Бұдан былай мәжілісте партияда жоқ азаматтар да депутат бола алады. Сонымен қатар сайлаушылар алдында берген уәделерін орындамаған депутаттарды қайта шақырып алуға болады.

Жақсыбек Жиеналиев- Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы

70 -те 30 системасы арқылы яғни 70 пайыз партиялық тізім болса 30 пайызы мажоритарлық жүйемен. Бұл жерде әрбір азамат еліміздегі сайлау заңына сәйкес өзін ұсынуға құқылы.

Заңда қабылданатын жаңа нормалар өз партияңызды ұруға мүмкіндік береді. Жаңа партия құру үшін мүшелік саны бұрынғыдан 4 есе азайды. Енді еліміздің қоғамдық өмірінде жаңа партиялар шығуы мүмкін.

Тақырып бойынша материалдар

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
17:35, 24 маусым 2022
КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРУ ТЫЙЫЛАР ЕМЕС
13:58, 20 маусым 2022
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРУ ТЫЙЫЛАР ЕМЕС
Толығырақ...
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАЗҒЫ ЛАГЕР ҚЫЗЫП ТҰР
13:49, 22 маусым 2022
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАЗҒЫ ЛАГЕР ҚЫЗЫП ТҰР
Толығырақ...