ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

САЗ МЕКТЕБІ ШӘКІРТТЕРІНІҢ САЯХАТЫ

17:26, 25 қараша 2021

Төлеби ауданындағы Саз мектебінің оқушылары Түркістан-Тараз қалаларына туристік саяхат жасады. Өнерге жаны құштар шәкірттер бұл саяғаттан рухани азық алды. Бұл жоба дарынды балалардың жан-жақты дамуына, қоршаған әлемге қызығушылығын арттыруға, елдің тарихи және сәулет ескерткіштерімен танысып, патриотизмді нығайтуға бағытталған.

Балалар Түркістаннның көрікті жерлерімен серуендеп, қаланың сәулет өнерін тамашалады. «Керуен сарай» ойын-сауық орталығына  экскурсия жасады.

Өркен Жалбиев – Төлеби аудандық саз мектебінің директоры

Талай таланттың қанатын қатайтып, өнер өлкесіне жолдама берген саз мектебінде қазір 300-ге жуық шәкірт тәрбиеленуде. Жас таланттардың талабын шыңдаған өнер ордасының облыс көлемінде шоқтығы биік. Әсіресе, ұлттық аспаптар домбыра, қылқобызбен ойнауда мұндағы өрендер алдарына жан салмайды.

Өркен Жалбиев – Төлеби аудандық саз мектебінің директоры

Өңір атынан сынға түскен жас музыканттар үкілеген үмітті ақтап, жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Талантымен танылып, республикалық байқауларда қара үзіп, дара шыққан шәкірттер екі күндік саяхат аясында  түркістандық тұрғындарға концерттік бағдарламаларын ұсынды.  

Түркістаннан бастау алған саяхат Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласына жалғасты. 18 ғасырда Әулиеата деп аталған көне қаланың көркіне балалар таң-тамаша қалысты. Мұнда көптеген тарихи орындар бар. Соның бір парасы ретінде Қарахан кесенесін, Бабаджа қатын кесенесін, Айша бибі мазарын, Ақыртай сарай кешенін атауға болады. Бұл кесенелер мен тарихи орындар қаланың сыртында орналасқан. Сонымен қатар, дарынды өрендер  қала ішінде жүріп шаһар тарихымен танысты. 580 метрлік жаяу жүргіншілер аллеясы, «Тектұрмас» этно-тарихи кешенін және «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешені шәкірттерге ерекше әсер сыйлады.

 

Автор: Г. Қалмырзақызы                     

Тақырып бойынша материалдар

Тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде
14:19, 30 қараша 2021
Тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА "ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ" АТТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
14:17, 30 қараша 2021
ТҮРКІСТАНДА "ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ" АТТЫ САЛТАНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
17:38, 24 қараша 2021
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
Толығырақ...
Казахстан окажет военно-техническую помощь Таджикистану и Кыргызстану из-за ситуации в Афганистане
20:53, 25 қараша 2021
Казахстан окажет военно-техническую помощь Таджикистану и Кы...
Толығырақ...
ПОЛИЦЕЙСКИЕ ЗАДЕРЖАЛИ ПОДОЗРЕВАЕМОГО УГНАЛ ТРАКТОР У РАБОТОДАТЕЛЯ
17:57, 25 қараша 2021
ПОЛИЦЕЙСКИЕ ЗАДЕРЖАЛИ ПОДОЗРЕВАЕМОГО УГНАЛ ТРАКТОР У РАБОТОД...
Толығырақ...