ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

СӘЙГҮЛІКТЕРДІҢ ШЕБЕРЛІКТЕРІ СЫНАЛДЫ

15:36, 6 наурыз 2020

Түркістан облыстық ұлттық спорт мектебінің манежінде, конкурдан «Ұлы жеңістің – 75 жылдығына» және «8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне» арналған Түркістан облысының чемпионаты өтті. Қатысушылар спорт шартына сәйкес, 4 сапар желісі бойынша бақ сынады.

1 сапар Жасөспірімдер арасында өтті. Алиева София «Гордый» сәйгүлігімен кедергілердің бәрінен мінсіз өтіп, облыс чемпионы атанды. Жүлделі 2 орынды «Барон» сәйгүлігімен  Корпенко Оксана, 3 орынды «Атом» сәйгүлігімен Жұмабек Іңкәр еншіледі. АЛ, 2-ші сапар желісі Жастар арасында өтті. Бұл кезеңде 1 орынға «Завет» арғымағымен Соловых Анастасия, 2 орынға «Сват» сәйгүлігімен Рахматуллаева Милана, 3 орынға «Гордый» тұлпарымен Ашим Согдиана ие болды. Ал,  3-ші бәсекеде   «Алатау» сәйгүлігін тақымдаған Байжан Бекжан 90/110 см-лік кедергілердің бәрінен сүрінбей өтіп, осы кезеңнің чемпионы атанды. Ал «Хан» сәйгүлігімен Рахматуллаева Милана 2 орынды, «Ават» сәйгүлігімен Қасымбек Назерке 3 орынды иеленді. 4-ші сапар желісі бойынша  сынға түскен Ересектер арасында: Ашим Согдиана «Завет» сәйгүлігімен - 1 орынға, Маликаждар Абылай «Таймас» сәйгүлігімен - 2 орынға, Соловых Анастасия «Абрек» сәйгүлігімен жүлделі 3 орынға ие болды.

Ашим Согдиана - Жеңімпаз спортшы

Ал бабы келіскенімен , жолы болмаған Сапар Дана мен Бекмұрат Балжан «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясына ие болса,  «Үздік сәйгүлік» марапаты «Оқжетпес» сәйгүлігіне берілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер заттай бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Жарыс соңында сөз алған Түркістан облыстық ұлттық спорт мектебінің директоры Ғани Ахметбаев, жеңімпаздарды жеңісімен марапаттап, барша нәзік жандылар қауымын төл мерекелерімен құттықтады.

Нұрсұлтан   Әбдірашит                 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...