ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

СЕНАТОРЛАР САПАРЫ

17:16, 4 мамыр 2021

Сапа - басты назарда. Бүгін Шымкентке Парламент сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова арнайы іс сапармен келді. Халық қалаулылары бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, олардың жұмысын бағамдады. Шымкенттіңктердің басым бөлігі Парламентке жолдаған хаттарында көпқабатты тұрғынүй мәселесін көтерген. Сондықтан, сенаторлар әуелі Тұран шағынауданындағы құрылыс алаңына ат басын тіреді.

Баспана мәселесі қашан да өзекті. Миллионды шаһарда биыл 6 581 тұрғын қоныс тойын тойламақ. Жаңадан еңсе тіктеген Тұран шағынауданындағы инфрақұрылым жүйесімен танысқан сенаторлар құрылыс сапасына мән беруді міндеттеді.
Нұрлан Бекназаров – ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Биыл 112 көпқабатты үй ел игілігіне берілмек. Соның 57-сі мемлекеттік бюджет есебінен. Ал, алдағы бес жылдық жоспарда халықты баспанамен қамту ісі қарқын алмақ.

Ербол Ахметов – Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы

Келесі нысан –кезінде тойхана болып ашылып, пандемия басталғалы мектепке айналған «Оңтүстік» қабылдау үйіндегі білім мекемесі. Карантинде табысынан қағылған кәсіпкердің бұл бастамасы көпке үлгі. Мұнда қазір шәкірттердің оқып-білім алуына бар жағдай жасалған. Шаһардың білім жүйесімен таныстырған Жанат Тәжиева жекеменшік мектептердегі шәкірттерді ыстық тамақпен қамту мәселесін тілге тиек етті.

Жанат Тәжиева – Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы

Демографиалық дүмпу салдарынан мегаполисте үш аусымды және 1 апатты жағдайдағы білім ордасы бар.  Мәселені оңтайлы шешу үшін биыл 20 мектеп қолданысқа берілмек. Соның 16 –сы жекеменшік. Миллионды  мекенде мектебі жоқ елдімекендер де бар. Соның бірі – Еңбекші ауданына қарасты Елтай балалары жан-жаққа қатынап оқып жүр. Бұл мәселені журналистер де талай мәрте көтерген.

Жанат Тәжиева – Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы

Ал, денсаулық сақтау саласы соңғы уақытта күрделі кезеңдерден өтіп, дамудың даңғыл жолына түсті.  Сенаторлар ұлт саулығына қатысты проблемаларды да назардан тыс қалдырмады. Қауіп сейілген жоқ. Шымкент әлі де қызыл аймақта.

Нұрлан Бекназаров – ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Бақытжан Позилов – Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Ал, бұл №2 қалалық аурухана. Емдеу мекемесі жақында ғана жөндеуден өткен болатын. Көпсалалы аурухананы аралаған депутаттар бірнеше күрделі отаға куә болды. Әлеуметтік салада атқарлыған жұмыстармен танысқан сенаторлар екпе егу жұмыстарына да қызығушылық танытты. Қазір қаладағы вакцинациялау нысандары түнгі сағат 22-00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істеуде. 

 

Г. Қалмырзақызы                                             

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...