ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

СЕССИЯДА 7 МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

17:28, 3 маусым 2021

Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының бесінші сессиясы өтті. Қаланың мәдениет, білім, денсаулық және сот салаларында еңбегі сіңген 20 азаматқа «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылданды. Жыл сайын шаһардың дамуына үлес қосып келе жатқан 10 адамға аталмыш лауазым берілетін еді. Былтыр пандемияға байланысты бұл үрдіс жалғаспағандықтан осы жылы олардың саны екі есеге артты. Жиында одан өзге 7 мәселе қаралды.

Кезектен тыс бесінші сессияны Альбина Елшиева ашып, күн тәртібіне сәйкес енгізілген мәселені талқылады. Шымкент қаласы мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселеге сәйкес, Ермахан Қуатбаев өз еркімен қызметінен бас тартты. Бұл орынға Жадыра Таңатарова сайланды.  

Мұрат Әйтенов-Шымкент қаласының әкімі

Тағы бір маңызды мәселенің бірі – қоғамдық көліктер. Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындауда біршама өзгерістер енгізілді. Қазіргі таңда қалада 71 маршрут жолаушыларға тасымалдау қызметін көрсетуде, оның ішінде 56 машрут кешенді схемаға сәйкестендіріліп, қозғалыс сызбалары оңтайландырылды.

Ержан Жолдасов – Шымкент қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Сонымен қатар, схемаға сәйкес 7 шағын автобустың маршруттары қаралған. Бұл маршруттар үлкен автобустардың жүруге мүмкіндігі жоқ,  көшелері тар және жолаушылар ағыны төмен тұрғын алаптарға қатынайтын болады.

Жиын барысында бұдан өзге мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізіндегі жобалар, үкіметтік емес ұйымдар жайында сөз болды. Сессия соңында қала әкімі М.Әйтенов қандай шешім қабылданса да ең алдымен қала тұрғындарының пікірі мен ұсынысы басты орында болатынын тілге тиек етті.

 

Д.Өмірзақова                                                                                 

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...