ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ IX ЧЕМПИОНАТЫ

17:37, 14 қыркүйек 2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында кіші футболдан әуесқойлар арасында 2021 жылғы қыркүйек айының 9-12 аралығында Қазақстан Республикасының біріншілігі аяқталды. Жарыс Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өтті.

Біріншілік биыл Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толуына орай тұспа-тұс келіп отыр. Жалпы ел біріншілігіне 52 команда қатысып, соның ішінде облысымыздан 3, Түркістан қаласынан 4 команда өз бақтарын сынады. Осы додада бағы мен бабы қатар шапқан жеңімпаз командалар өзара мықтылықтарын көрсетті. Сонымен, кіші футболдан жарысының қола жүлдесі үшін Сәтбаев қаласының «Сәтбаев» командасымен Шымкент қаласының «Standart» командасы кездесті. Нәтижесінде ойынның негізгі уақытында 2:2 есебімен тең аяқталып,  пенальти сериясында 3:5 есебімен шымкенттік команда жеңіске жетті.  Ал, ақтық сынға жолдама алған Алматы қаласының «MRT Expert» командасы мен Қарағандыдан келген  «Биосфера» командасы күш сынасып, қарағандылықтар 0-3 есеппен жеңіске жеттіп,  республикалық чемпионаттың жеңімпазы атанды.  Командаластырымен бірге жеңіске жетіп қуанышқа бөленген Қарағанды қаласының «Биосфера» командасының капитаны Андрей Миронов достастықты дəріптеген бұл жарыстың маңыздылығына тоқталды.

АНДРЕЙ МИРОНОВ — ФУТБОЛШЫ

Ал, жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырған Бақыт Жаңабаев осындай жарыстардың жыл сайын өтіп, жастардың спортпен шұғылдануларына, салауатты өмір салтын насихаттауда маңызды екендігін айта өтті.

БАҚЫТ ЖАҢАБАЕВ — ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

Жарыс жеңімпазы атанған қарағандылықтарды бастап келген бапкер Павел Таку шəкірттерінің бұл жетістігін жанкүйерлері мен  жерлестеріне тарту ететіндіктерін айтып тарқасты.

 

Н.Әбдірашит                                                            

Тақырып бойынша материалдар

БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
17:50, 17 қыркүйек 2021
БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА  ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
16:34, 17 қыркүйек 2021
ТҮРКІСТАНДА ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...