ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ШАНШАР ТЕАТРЫНЫҢ МЕРЕЙЛІ 60+60 КОНЦЕРТІ ӨТТІ

17:34, 7 қазан 2021

Шымкентте әзіл әлемінің майталманы, сатираның cаңлағы саналатын Шаншар театрының «Мерейлі 60+60» атты концерті өтті. Айтуылы шара театр әртістері Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшораның асқаралы 60 жасқа толуына орай ұйымдастырылды. Мерейтойға қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан арнайы қатысып, өнер майталмандарына мегаполис басшысының құттықттауын жеткізді. Көрермен көңілін қуантқан әзіл кеші жайлы тілші әңгімесінде толығырақ.

25 жылдан астам көпшіліктің  езуіне күлкі сыйлап жүрген театр ұжымын көрермені зор қошеметпен қарсы алды. Сатира мен комедияның басын біріктірген әртістер астарлы әзілімен қоғамның өзекті мәселесін  көтеріп жүр. Шаншар театрының негізін қалаған әзіл әлемінің ақсақалдарын   қала әкімінің атынан бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан арнайы  құттықтап, иықтарына шапан жапты.

Шыңғыс Мұқан – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары

Театр директоры Уәлибек Әбдірайымовтың айтуынша елді шарпыған індет өнер саласында жүрген азаматтарды да біраз  әбігерге салған. Себебі көрерменімен жолыға алмаған әртістер онлайн концертке көңілдері толмапты. Сонтықтан сахнаны да сағынып қалған.

Уәлибек Әбдірайымов – «Шаншар» театрының директоры

Әзіл сүйер қауымның қуанышында да шек жоқ. Шаншарды сағынып келген ұстаз Раушан Пірімбетова әрбір қойылымның өзіндік ерекшелігі мен өзгелерді қайталамайтын әзілімен қызықты әрі салмақты дейді.

Раушан Пірімбетова – мұғалім

Санитарлық талаптарға сәйкес бүгінгі концертке де көп көрермен келе алмады. Соған қарамастан театр ұжымы барын салды. Ондағы мақсат жұртшылықты күйбең тіршіліктің қиындығын бір сәтке болса да ұмыттырып жоғары көңіл-күй сыйлау.

 

Е. Бөбеев

Тақырып бойынша материалдар

БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІК ҚҰРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:23, 26 қараша 2021
БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІК ҚҰРУ...
Толығырақ...
АЙМАҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
20:19, 26 қараша 2021
АЙМАҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ РЕСМИ САПАРЫ
20:14, 26 қараша 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ РЕСМИ САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

13:05, 22 қараша 2021
ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ «ONTUSTIK» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТІМЕН ЖҮЗ...
Толығырақ...
АЛАТАУ АУЫЛ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
17:29, 22 қараша 2021
АЛАТАУ АУЫЛ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
Толығырақ...
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
17:38, 24 қараша 2021
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
Толығырақ...