
Шымкент қаласында «Шаңырақ» жеңілдетілген несиелік бағдарламасы бойынша азаматтарды қоныстандыру жұмыстары жалғасуда. Бүгінде бұл бағытпен салынған «Тұран» шағынауданында орналасқан алғашқы 5 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Баспаналарда инфрақұрылымдық коммуналдық қызметтер іске қосылды.
Баспана тауқыметін тартқан балалардың енді өз бөлмелері бар. Жылдар бойына жалдамалы пәтерде күнелтіп келген жаңа қоныс иелерінің қуанышында шек жоқ. Қала тұрғыны Жадыра Ержігітова баспана кезегіне осыдан 5 жыл бұрын тұрыпты. Толық емес отбасына таяуда «Шаңырақ» бағыты аясында 3 бөлмелі пәтер берілді. Заманауи талапқа сай салынған баспанада барлық жағдай жасалған.
Жадыра Ержігітова, Шымкент қаласының тұрғыны: 8437 «Енді өз баспанама жұмыс істейтін боламын. Қуаныштымыз...»
Айта кетейік, «Шаңырақ» бағытымен биыл «Отбасы банк» өзінің интернет ресурстары арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар арасында 27 үйді яғни 1728 пәтерді 3 кезеңмен сатуды ұйымдастырды. Осы бағытпен тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар отбасының ортақ табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,7 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда қатыса алады. Жылдық мөлшері 5 пайыздан аспайтын, алғашқы жарна 10 пайызбен, 20 жылға жаңа тұрғын үйлерді сатып алу мүмкіндігі қарастырылған дейді салаға жауаптылар.
Жұлдыз Ордабаева Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы: 8437 1/17-139
Бүгінде Шымкенттегі Тұран шағынауданында 80-нен астам көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы қолға алынған. Таяуда мұнда 5 нысанның құрылысы аяқталып, «Шаңырақ» бағытымен 1 жарым мыңнан астам пәтерге тұрғындар қоныстануда.
Шухратжан Мұқтаров Шымкент қаласы құрылыс басқармасының өкілі: 8423 00/52-1/29
Бүгінде Шымкентте 46 мыңнан астам отбасы баспана кезегінде тұр. Талдау жұмыстарын жүргізген мамандар кезекте тұрған 1260 азаматты түрлі себептерге байланысты пәтер кезегінен алып тастаған. Жылдан жылға халық саны артып отырған үшінші мегаполисте қолданысқа берілген кредиттік тұрғын үйлердің көлемі арттыруға басымды беріліп отыр.
М.Рысбаева