ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

«ШАҢЫРАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 200-ДЕН АСТАМ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

16:48, 22 қазан 2021

Шымкент қаласындағы «Тұран» шағынауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген тұрғын үй пәтерлері кезең-кезеңімен пайдалануға берілуде. Бүгін алғашқы 224 отбасыға пәтер кілттері табысталды. Жаңа қоныс иелері «Шаңырақ» бағытымен баспаналы болып отыр. Кілт тапсыру рәсіміне қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков қатысып, баспаналы болған азаматтарды қоныс тойымен құттықтады.

Биыл қала әкімдігі тарапынан баспанаға мұқтаж азаматтарға қолдау ретінде тұрғын үй сертификатына 500 миллион теңге бөлінді. Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде әр азаматқа 1 миллион теңгеге дейін беріледі. Бүгінгі жаңа қоныс иелерінің 184-і  де аталған сертификатты алып, баспаналы болып отыр. Жалпы, «Тұран» шағынауданында үлестіріліп жатқан 27 тұрғын үйдің  1 728 пәтеріне өтінімдер биыл «Отбасы банк» арқылы «Шаңырақ» бағытымен  қабылданған болатын. Пәтерлер кезең-кезеңімен үлестіріледі. Бағдарламаның талаптарына сәйкес, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар  отбасының ортақ табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,7 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда қатыса алады. 2021 жылға бұл табыс 126 917,4 теңгені құрады. Жылдық мөлшері 5 пайыздан аспайтын, алғашқы жарна 10 пайызбен, 20 жылға жаңа тұрғын үйлерді сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Егер азаматтардың ай сайынғы табыс көзі жетпей жатқан жағдайда,  туысы немесе жақыны  кепіл бола алады. Шымкентте бүгінде 46 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тіркеулі.

Тақырып бойынша материалдар

Тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде
14:19, 30 қараша 2021
Тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА "ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ" АТТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
14:17, 30 қараша 2021
ТҮРКІСТАНДА "ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ" АТТЫ САЛТАНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
17:38, 24 қараша 2021
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
Толығырақ...
Казахстан окажет военно-техническую помощь Таджикистану и Кыргызстану из-за ситуации в Афганистане
20:53, 25 қараша 2021
Казахстан окажет военно-техническую помощь Таджикистану и Кы...
Толығырақ...
ПОЛИЦЕЙСКИЕ ЗАДЕРЖАЛИ ПОДОЗРЕВАЕМОГО УГНАЛ ТРАКТОР У РАБОТОДАТЕЛЯ
17:57, 25 қараша 2021
ПОЛИЦЕЙСКИЕ ЗАДЕРЖАЛИ ПОДОЗРЕВАЕМОГО УГНАЛ ТРАКТОР У РАБОТОД...
Толығырақ...