ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ШАРДАРАЛЫҚ ШАРУАЛАР ҚЫСҚА ДАЙЫН

13:03, 25 қараша 2021

Биыл Шардаралық шаруалар мал азығын жылдағыдан екі есе мол жинады. Өйткені өткен жылы жем-шөптің аздығынан төрт түлігін өргізген жергілікті тұрғындар біраз әбігерге түскен еді. Осылайша алдағы қыстың қамына ерте кіріскен шаруалардың уайымы сейілді.

Биылғы қуаңшылық облысымыздың бір қатар аудандарын қыспаққа алды. Сарыағаш, Келес сынды аудандардың тұрғындары төрт-түлігіне шөп табалмай біраз əбігерге түсті. Сол себепті Шардаралық шаруалар мал азығын жинауға ерте қамнан кіріскен. Үйір - үйір жылқымен отар-отар қойды қысты аман алып шығу оңай шаруа емес. Биыл аудан бойынша 213 мың тонна жоңышқа, 2500 тонна сабан,127000 тонна табиғи дала шөбін жинаған. Сондай-ақ 5267 гектар аумаққа дəнді дақылдар егіліп, 22356 тонна азық жиналған.

Батырхан БАЙДӘУЛЕТОВ - "Болатбек" шаруа қожалығының мүшесі

Мұратбек Нұрпейісов 21 жылдан бері  төрт түліктің шаруашылығын дөңгелетіп келеді. Өткен жылы қақаған қыста аша тұяқтыларына жем-шөбін жеткізе алмапты. Ал, биыл  мал азығын биыл екі есеге мол жинап үлгерген. Мұратбек НҰРПЕЙІСОВ- «Жəнібек» шаруа қожалығының  төрағасы Ауа райының қолайсыздығы, жауын-шашынның аз түсуі салдарынан Батыстық шаруалар да тығырыққа тірелген болатын. Қиын-қыстау сәтте оңтүстіктік шаруалар батыстық ағайындарға  3500 тонна мал азығын жөнелткен.

 

Г. Оңласбекова,                                   

Тақырып бойынша материалдар

Тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде
14:19, 30 қараша 2021
Тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА "ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ" АТТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
14:17, 30 қараша 2021
ТҮРКІСТАНДА "ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ" АТТЫ САЛТАНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
17:38, 24 қараша 2021
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
Толығырақ...
Казахстан окажет военно-техническую помощь Таджикистану и Кыргызстану из-за ситуации в Афганистане
20:53, 25 қараша 2021
Казахстан окажет военно-техническую помощь Таджикистану и Кы...
Толығырақ...
ПОЛИЦЕЙСКИЕ ЗАДЕРЖАЛИ ПОДОЗРЕВАЕМОГО УГНАЛ ТРАКТОР У РАБОТОДАТЕЛЯ
17:57, 25 қараша 2021
ПОЛИЦЕЙСКИЕ ЗАДЕРЖАЛИ ПОДОЗРЕВАЕМОГО УГНАЛ ТРАКТОР У РАБОТОД...
Толығырақ...