ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ШАРШАСАҢЫЗ ШЫМКЕНТКЕ КЕЛІҢІЗ!

14:46, 11 маусым 2021

Қазақстанның үшінші мегаполисі саналатын Шымкентте демалатын орны көп, көрікті мекендері мол қала. Мәңгілік жасыл қала жайлы айтылғанда ең алдымен қаймағы бұзылмаған қазақ елі мен Цитадель және Этно ауыл, ең негізгісі дәмі тіл үйіретін тағамы айтылатыны анық. Алыс-жақыннан келетін туристтер үшін қандай демалыс аймақтары бар?

Шымкентте қала туризмін дамытып, бизнес ортаны нығайтатын «Shymkent Tourism Center» туристік-ақпараттық орталығы жұмыс істейді.Қала бойынша туристік нысандарды отандық және шетелдік нарықта насихаттауға ықпал етуде.Ағымдағы жылдың басынан орталықта және барлық ақпараттық  киоскілерде жалпы 5476 адамға ақпараттық - анықтамалық қызмет көрсетіп, 55 экскурсия өткізілген. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарына кеңес беру қызметі, туристік карталарды ұсынып, қалада өткізілетін іс-шаралар жөнінде жарнамалық ақпараттарды таратады.

Бағдат Пардабай - Жобалау және ақпаратты қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

Шымкентке қонақ болып, ат басын бұрғандардың дені жасыл желек жамылған дендросаябаққа соқпай кетпейді. Бұл мекен қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналған. Бір мезгіл бой сергітіп, таза ауамен тыныстап қайту үшін ағылатындар көп мұнда.Сәуле Базарбекова Шымқалада тұрып жатқанына 39 жылдан асқан. Аптап ыстықта жанға сая іздеп, біз де осы демалыс орнына келеміз. Айнала жап-жасыл. құстардың сайраған үні естіледі. Жалпы қаламызда демалыс аймақтары өте көп дейді ол.

Сәуле Базарбекова – қала тұрғыны

Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Шымкент цитаделі тек үшінші мегополистің ғана емес, бүкіл Қазақстанның тарихи обьектісі болып табылады. Көпжылғы жерасты археологиялық қазба жұмысы  нәтижесінде табылған әр бір зат цитадель музейінің негізгі экспонаттары ретінде сақталған. Шымкенттің ең алғашқы қала болуы тарихынан шынайы сыр шертеді. Қазіргі   таңда  ескі қалашық  ашық аспан астындағы тарихи мұражай ретінде  қолданылуда.

Айбек Бекділдә - қала тұрыны

Шымкент ең ыстық қала. 365 күннің 300 күнінде күннің сәулесі шуақ шашып тұрады.Ал жайма шуақ жаз айларында аквапарктерге барып демалған жөн. Солардың бірі 2018 жылы негізін қалаған «Fontan» демалыс аймағы. Жалпы орын 2000 адамға арналған.Қала тұрғындары мен қонақтар үшін барлық жағдай жасалған. Балаларға арналған ойын алаңшалары, мерекелік  қойылымдар, тамақтанатын орындар, үлкен және кіші бассейндер бар.Ал, Шымқала тұрындарының  қонақжайлылығы бөлек әңгіме. Дәл осы ерекше қасиетімен өзгелерден дараланып тұрары анық.

 

НазкенСкандар

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
17:37, 21 маусым 2021
ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
17:36, 21 маусым 2021
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар