ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП – БАРШАҒА ОРТАҚ! Толығырақ

ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ

13:38, 27 мамыр 2020

Түркістан облысында шектеу шаралары маусымның 8-не дейін созылды. Ондай шешім қабылдауға қауіпті дерттің дендеп бара жатқаны себеп болған көрінеді. Статистикаға сүйенсек, өткен аптаның соңында өңірде коронавирус инвекциясын жұқтырғандар саны 7 пайыздан жоғары болған. Сондықтан санитарлық дәрігерлер әліде сақтық шараларын қатаң сақтау керектігін ескертеді. Десекте, облыста аумағы 500 шаршы метрден аспайтын тамақтану орындары мен кәсіпкерлік нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілген.

Қолда бар мәліметке мән берсек, осы уақытқа дейін Түркістан облысында 332 азамат Covid-19 инфекциясын жұқтырған. Күні бүгінге дейін солардың 182-і жазылып өз үйлеріне оралыпты. Ол көрсеткіш күн санап артып отыр. Сонымен қатар, жұқтырғандар саны да күн санап көбеюде. Мәселен, вирус тіркелгелі бері өңірде 220 қауіпті ошақ анықталып, барлығында эпидемияға қарсы шаралар жүргізілген.
Бахтыораз Елемесов – облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаменті басшының орынбасары
23 мамыр күндері біздің көрсеткішіміз 7 пайыздық критерйден асып отырмыз. Күнделікті өсім жағдайы.  Сол себепті біз кейбір жеңілдету шараларын біз тоқтатып тұрмыз. Оның ішінде, ойын-сауық іс-шаралар, дініи іс-шаралар мен мал базарлардың жұмысы тоқтатылып тұр.
Сонымен қатар, тойханалардың жұмысы да 8-маусымға дейін тоқтатылған. Ал, 10-15 адамға қызмет көрсететін кәсіпкерлік нысандарының жұмыс істеуіне рұқсат. Бірақ, санитарлық талаптарды қатаң сақтауға міндетті. Ол, жұмыстардың барысын облыста 115 мобильді топ бақылап жүр.
Гүлжамал Даханова – Түркістан қалалық бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы
Жалпы кез келген кәсіпкерлік нысандарда санитайзерлер болуы керек. Маска, қолғап міндетті түрде кварцования орнату мәселесі қойылып отыр. Енді ашылып қызмет көрсетіп жатқан кәсіпкерлік нысандарға біз түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.
Шектеу шаралары мен қатар, облыста маскалық режим де сақталады. Сонымен қатар, бақылап өткізу бекеттері де өз жұмыстарын жалғастырмақ. Ол жерлерде азаматтардың дене қызулары өлшеніп, қайда бара жатқандығы сұралады.
 М. Жарылқасын            

 

Тақырып бойынша материалдар

НАУҚАСТАР САНЫНЫҢ АЗАЮЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАР ЖАБЫЛДЫ
16:57, 16 шілде 2020
НАУҚАСТАР САНЫНЫҢ АЗАЮЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАР ЖАБЫ...
Толығырақ...
ДӘРІХАНАЛАР АЛДЫНДАҒЫ КЕЗЕК КҮТКЕНДЕР САНЫ АЗАЙҒАН
16:56, 16 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР АЛДЫНДАҒЫ КЕЗЕК КҮТКЕНДЕР САНЫ АЗАЙҒАН
Толығырақ...
ШЫМКЕНТКЕ  ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
16:53, 16 шілде 2020
ШЫМКЕНТКЕ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
17:05, 10 шілде 2020
БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
Толығырақ...
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН  ЕСКЕ АЛДЫ
19:19, 13 шілде 2020
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛД...
Толығырақ...