ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ШӘМШІ ӘНДЕРІ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

16:00, 7 қазан 2021

Кентау төрінде Шәмші Қалдаяқовтың әндері шырқалды. «Менің Қазақстаным» атты облыстық байқау ұйымдастырылды. Бұл шара Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орайластырылды.

Байқау 2 кезеңнен тұрды. Бірінші ән міндетті түрде Шәмші Қалдаяқовтың әніне жазылған әндер орындалса, екінші кезең де Түркістан облысынан  шыққан  композиторлардың шығармалары шырқалды. Шәмші шығармаларының шоқтығы биік. Сырлы әнмен қазақ халқыныӊ бітім-болмысын, шынайы бейнесін сипаттаған. Ән әлемінде айрықша орнын қалдырған ұлы композитор атын ұлықтайтын дәстүрлі өнер додасына 17 – 29 жас аралығындағы үміткерлер сынға түсті.

Ахат Жеткербаев - Түркістан облысы мәдениет және халық шығармашылығы орталығының  ұлттық шығармашылық және жанрлар жөніндегі маманы
(Бұл байқау көптің көңілінен шығатын жыл сайын дәстүрге айналған байқау. Әрине сайыс болған соң жеңіс те жеңілісте болады. Келген өнерпаздар бірінен бірі өткен талантты жастар. Бізде әділ қазі ретінде өз бағамызды әділ беріп отырдық. Қатысушылар арасында өзіме ерекше ұнаған өнерпаздарда болды. Мен бұл өнерпаздардың болашақта еліміздің жарқын жұлдыздары болатындарына сенемін

Байқаудыӊ мақсаты- композитор Шәмші Қалдаяқовтыӊ шығармаларын дәріптеу. Қазақ әндерін орындаушылар арасынан жас талант иелерін анықтап, кәсіби бағдар беру. Жеке шығармашыл тұлғалардыӊ қалыптасуына ықпал ету еді. Әншілердіӊ орындау шеберліктерін арттырып, оларға қолдау көрсету және отансүйгіштікке баулу.

Мәди Сатман – бас жүлде иегері
(Мен бұл байқауға 1 ай бойы тыңғылықты дайындалды. Шәмшә атамыздың әндері ерекше тебіреніс пен махаббатқа толы әндер. Тыңғылықты дайындықтың арқасында бүгін биіктен көірініп, бас жүлде иелендім. Ұйымдастырушыларға өз алғысымды білдіремін)

Қазақтыӊ музыка өнерінде Шәмшініӊ орны ерекше 300-ге жуық әндері бар. Шара барысында арнайы аспаптардыӊ сүйемелдеуімен көрерменге жол тартты.

 

Г.Оңласбекова

Тақырып бойынша материалдар

БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІК ҚҰРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:23, 26 қараша 2021
БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІК ҚҰРУ...
Толығырақ...
АЙМАҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
20:19, 26 қараша 2021
АЙМАҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ РЕСМИ САПАРЫ
20:14, 26 қараша 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ РЕСМИ САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

13:05, 22 қараша 2021
ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ «ONTUSTIK» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТІМЕН ЖҮЗ...
Толығырақ...
АЛАТАУ АУЫЛ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
17:29, 22 қараша 2021
АЛАТАУ АУЫЛ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
Толығырақ...
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
17:38, 24 қараша 2021
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
Толығырақ...