ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ШИРЕК ФИНАЛҒА 32 КОМАНДА ӨТТІ

16:55, 5 мамыр 2021

Жастар лигасында 32 команда ширек финалға шықты. Спорттың 4 түрінен, атап айтқанда воллейбол, баскетбол, футбол және шахмат ойындарынан сынға түсіп жатқан 550 команданың ішінен суырылып алға шыққандарын арнайы құттықтаған қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан алдағы ойындарына сәттілік тіледі.

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, бұқаралық спортты дамытумен қатар, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған Жастар лигасының берері мол. Қаланың 140-қа жуық білім ошақтарының спортқа жаны жақын оқушылары қатысып жатқан сайыста жанкүйерлер командасын құру да көзделген. 

Шыңғыс Мұқан  - Қала әкімінің бірінші орынбасары

Ашық аспан астында өтіп жатқан футболдан іріктеу турнирі алдағы мереке күндеріне, дейін аяқталуы тиіс. Ал, өзге спорт түрлерінен өткізілетін сайыстар жоспарға сәйкес жүзеге аспақ. Салаға жауаптылар алдағы уақытта ширек финал мен ақтық мәре ойындарын Қазақстан прмеьер лигасы өтетін алаңда яғни, Қажымұқан стадионында өткізуді жоспарлап отыр екен.

Ерлан Айтбаев – «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы

16 жалпы орта мектебінің футболдан құрама командасының жарысқа үлкен дайындықпен келгендері көрініп тұр. Команда капитаны Азамат Сағдуллаев әзірге басты мақсат іріктеу ойындарынан жеңіп, ширек финалға өту, дейді. 

Азамат Сағдуллаев – жарысқа қатысушы

Жарыста баскетбол, волейбол ойындарынан 32 команда ширек финалға шықты. Шахардың 4 ауданын түгел қамтыған бұл шара 2 кезеңге жоспарланған. І-кезең - наурыз бен маусым айларының аралығында  жалпы білім беру мекемелерінің арасында футбол, волейбол, баскетбол ойындарына бағытталса, ІІ-кезең - қыркүйек – қараша айларында жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында  шахматтан өтпек.

Е. Бөбеев           

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...