ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ

13:55, 29 шілде 2021

Аймағымызда жыл өткен сайын егін егіп, бау бақша өсірушілер қатары артып келеді. Шарулардың мол өнім алуы үшін түрлі тыңайтқышқар қажет екені белгілі. Ол үшін шетел шарлап, алысқа барудың да жөні жоқ. Өйткені, қазір ел азаматтарының өздері биогомус аталатын тыңғайтқыштарды өте қарапайым жағдайда өндіруде. Түсінікті тілмен айтқанда ол кәдімгі көңді шылаушандарға жегізу арқылы өндірілетін тыңайтқыш. Жасалуы жолдары өте қарапайым тыңайтқыш жайында тілшіміз Мұхтар Атабек тарқатсын.

Шылаушанның, яғни, жауын құртының топырақ құнарын арттыратын қасиеті барын білеміз. Алайда, оны түбегейлі тыңайтқыш  алу жолында арнайы өндіретін де елдер бар. Міне, шаруаға өте қажет  әрі    өте қарапайым түрде өндірілетін технологияны ел азаматтары да қазір қолға ала бастаған.

МҰХТАР АТАБЕК - ТІЛШІ

Ия, малдан пайда болатын  биологиялық бұл  қалдықтарды органикалық тыңайтқыштар ретінде пайдалау тәжірибеде бар. Алайда, оны жөн – жосықсыз қолданса жерді күйдіретіні де бар. Міне, ендігі жерде бұл қалдықтар Бақытжан Әсембеков сынды  іскер азаматтардың арқасында  үлкен кәдеге жарауда. Яғни, арнайы орынға жинақталған  көң шылаушандарға жегізу арқылы  құнарлы қаратопыраққа айналуда.

БАҚЫТЖАН - ӘСЕМБЕКОВ  - КӘСІПКЕР

Кәсіпкер жігіт шаруа үшін аса қажет бұл кәсіпті бастау үшін  алдымен  200 калифорниялық шы­лаушын сатып алған.  Табанды еңбегінің арқасында    шылаушандардың саны бүгінде шамамен 50 000 000 –нан асқан. Міне, соның арқасында қазір ол  жылына 1000 куб биогумус өндіруде.

БАҚЫТЖАН  ӘСЕМБЕКОВ  - КӘСІПКЕР

Жобаның осы түрін Темірлан елді мекеніндегі жеке кәсіпкер Қанат  Белесбек те үй шаруашылығы секторында 2000 бас калифорниялық шы­лаушын асырап, соңғы 2 ай мерзімінде 10 000 басқа жеткізді. 

ҚАНАТ БЕЛЕСБЕК  -КӘСІПКЕР

Жобаға ниет білдірушілерге аудандық кәсіпкерлік бөлімі тарапынан жоба иесіменен мастер-класс, семинарлар өткізу жоспарлануда. Өйткені бұл  аса қаржылық шығынды қажет етпейтін кәсіп түрі.   

 

МҰХТАР АТАБЕК

Тақырып бойынша материалдар

БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
17:50, 17 қыркүйек 2021
БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА  ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
16:34, 17 қыркүйек 2021
ТҮРКІСТАНДА ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...