
Шымкентте 109 ситуациялық орталығы жұмыс істеп тұр. Интернеттің жоқтығынан қала жұртшылығы қазір орталыққа тек ұялы байланыс арқылы жүгіне алады. Осыған дейін жергілікті халықтан түсетін арыз-шағымдардың дені тұрғын үй коммуналдық шарушалығына, түрлі әлеуметтік мәселелерге қатысты болып келген.
Қазір қала жұртшылығын интернеттің қосылатын уақыты мен автобустардың қатынауы, білім беру ұйымдарының жұмысы туралы сұрақтар көптеп мазалауда. Күндіз-түні жұмыс істейтін қызмет орталығы тәулігіне 1500-2500 қоңырау қабылдайды. Негізгі қызмет жүйесі ғаламторға тікелей жалғанғандықтан, кей қоңырауларға жауап бере алмаймыз дейді орталық басшысы. Мұндай жағдайда тұрғындарды сабыр сақтап, қолданыстағы тетікті пайдалануға шақырады.
Азат Әміртай Шымкент қалалық 109 ситуациялық орталығының басшысы: