ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ РЕСЕЙЛІК КӘСІПКЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ

16:54, 9 маусым 2021

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «TDL Textile» компаниясының құрылтайшысы Роман Петровты қабылдады. Аталмыш компания - табиғи маталар, үй тоқымасын және медициналық өнімдерді өндіретін ресейлік жетекші кәсіпорындардың бірі. Иваново, Кострома және Мәскеу облыстарында 5500-ден астам қызметкері бар. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтасты айта келіп, Шымкентте тоқыма өнеркәсібін дамыту жайын сөз қылды.

Шымкент – дамыған инфрақұрылымы, бай табиғи және еңбек ресурстары бар Қазақстанның экономикасы  дамыған үшінші мегаполисі. Қала Орталық Азияда инвестициялар мен технологияларды тартудың жаңа орталығына айналуы үшін зор әлеуетке ие. Өңірлік бөліністе қаланың жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 9,6 млрд.теңгені құрап (жыл басынан бастап) елімізде бірінші орын алып, өткен жылмен салыстырғанда 134,1%-ға ұлғайды. Қала өндірісінің жалпы көлеміндегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 3,9% - ды, елдегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі-20,7% - ды құрайды, - деген қала әкімі жаңа жобаларды бірлесе жасауға шақырды. Ал ресейлік кәсіпкер «Оңтүстік» АЭА-да орналасқан «Azala Cotton» тоқыма фабрикасының жұмысымен танысқанын айта келе, ортақ жұмыс жасауға мүдделілік танытатынын білдірді.Айта өтсек, аумағы 200 гектарды алып жатқан «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы 2005 жылы құрылған болатын. Бүгінде экономикалық аймақтың аумағында инвестиция көлемі 42,95 млрд. теңге болатын 25 жоба жүзеге асырылып жатыр. 2293 тұрақты жұмыс орны ашылды. Резиденттер үшін тегін жер учаскесі, жер салығын, мүлік салығын және корпоративтік табыс салығын төлеуден босату түрінде инвестициялық жеңілдіктер мен преференциялар көзделген. 100 пайыз инфрақұрылыммен қамтылған. Сондай-ақ, АЭА аумағында сумен жабдықтау және электр энергиясына тарифтер Шымкент қаласында жалпы белгіленген тарифтерден айтарлықтай төмен екенін атап өткен жөн.

 

АВТ: ЕРНҰР                  

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...