ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

"SHYMKENT" ЭТНОАУЫЛЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

13:13, 4 мамыр 2021

"Shymkent" этноауылы жұмысын бастады. Мереке қарсаңында қазақтың салт-дәстүрін дәріптейтін ерекше жоба жүзеге асты. Жалпы үшінші мегаполисте Қазақстан халқының бірлігі күні берекелі тірлікпен басталды. Қала басшысы Мұрат Айтеновтың өзі қолына күрек алып жұмысты қыздырды. Бұл жолғы мерекелік сенбілік шаһар орталығындағы Тәуелсіздік саябағынан басталды. Көрнекті нысанға шыбық қондырылып саябақтың шырайы ашыла түсті.

Мереке күніндегі жағымды жаңалықтың бірі   шаhардағы ескі қалашық аумағында "Shymkent" этноауылы жұмысын бастады.   Қала әкімі Мұрат Әйтенов рухани жаңғыру бағытында қолға алынған этноауылды аралап, ондағы ұлттық қолөнер шеберлерінің бұйымдарымен танысты. Бүл жер шымкенттіктердің сүйікті орнына айналғалы тұр.

Бейбітжан Муслимов - Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының директоры

Наурыздан бастап қарашаның ортасына дейін

"Жасыл қала" акциясы "Shymkent" этноауылын айналып өтпеді. Ерекше аймақтың  кіреберісіне шыршалар егілді. Орталық қақпа айналасы жасыл желекпен жайқалды. Игі бастамаға мұрындық болған қала әкімі Мұрат Әйтенов көпшілікті  бірлік күнімен құтықтады.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

Ең бастысы Шымкент қаласындағы

Мереке күні Шымкент қаласының барлық аудан аумағында сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шарада аяқжолдар, ирригация жүйелер, саябақтар, гүлзарлар және аллеялар тазаланды.  «Қошқар ата» өзенінің сағасы қоқыстан ажыратылды. .  Сенбілік іс-шарасы "Жасыл қала" акциясы аясында ұйымдастырылып отыр.

 

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...