ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖАСЫЛ АЙМАҚТА

18:00, 18 маусым 2021

Шымкент вакциналау жағынан еліміз бойынша көшбасшылар қатарында тұр. Бұл туралы брифингте Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлімдеді.

Вакцинациялау жұмыстары қарқынды жүруінің нәтижесінде Шымкент қаласы жасыл аймақта тұр. Бүгінде 25 жылжымалы бригада, 43 вакцина егетін нысан бар. Сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін демалыссыз жұмыс күші жұмылдырылды. Қазіргі таңда 1-компоненттен 221.201 адамға, 2-компоненттен 125.316 адамға егілді. Бұл ретте Шымкент еліміз бойынша Алматыдан кейінгі 2-орында. Алайда, ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін вакцинациялау жұмысын 70 пайызға жеткізуге тиіспіз. Осы орайда, тұрғындарды эпидахуалға бейжай қарамай, вакцина салдыруға шақырамыз, – деді басқарма басшысы.

Бақытжан Позилов -  Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Қазіргі таңда қаламыздың «жасыл» аймақта болуының салдарынан алаңдау индексі төмендеген. Өңірдегі той, жиындар тиылар емес. Өткен жылмен салыстырғанда ауру жұқтыру көрсеткіші жас ерекшелігіне байланысты өзгерген. Бұл ретте 18 жасқа толмағандар басымдық көрсетуде.

Айта кетейік, қалада қауіп қарқыны сейілмей тұр. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 37 жағдай тіркелді.

 

НазкенСкандар

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...