ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТ «ҚЫЗЫЛ АЙМАҚҚА» ЕНДІ

13:30, 11 қаңтар 2022

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы «қызыл аймаққа» өтті. Қалада соңғы тәулікте 141 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде белгілері бар 87, белгілері жоқ 54. Індет анықталған 47 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 94 адам үйбақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 253 орын бар, төсек орын толымдығы 66%-ды құрайды, 86 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 167 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде 59 төсекорын бар, 13 науқас ем қабылдауда. Егу науқаны басталғалы барлығы 592 808 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 576 174 адам вакцинаның екі компонентін алды. Pfizer вакцинасының I компонентін 16 840 адам, II компонентін 6 972 адам қабылдады.Сондай-ақ, 34 962 адам ревакцинацияланды. Ескерту: Денсаулық сақтау министрлігінің деректер базасында «вакцинация» модулінің жұмыс жасамауына байланысты вакцинациялау бойынша мәлімет 07.01.2022 ж. жағдай бойынша беріліп отыр. Мегаполистің бас дәрігері Бақытжан Позилов барша шаһар тұрғындарын санитарлық талаптарды сақтауға және екпе алмаған халықты вакцина мен ревакцинация алуға шақырды.

Бекен Сырбекұлы - Шымкент қалалық жұқпалы аурулар орталығының жауапты дәрігері

 

Е. Бөбеев           

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...