ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТ: «LUXE SHOES» ЗАУЫТЫ

15:11, 10 маусым 2021

Шымкентте жасалған аяқ киімдер бәсекеге қабілетті.Тіпті әлемдік брендтерден бір саты да кем емес. Қазақстанда алғашқылардың бірі болып ашылған «LUXE SHOES» фабрикасы өнімдерін енді экспорттамақ ниетте. Аталмыш кәсіпорын шығарған аяқ киімді бір киіп көрген адам, қайта айналып келеріне сенімді. Өйткені, бірінші кезекте сапаға мән берілгенген, дейді зауыт басшылығы.

Бұл «Luxe Shoes»  зауыты. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аумақта орналасқан.  Бір жылдық қуаттылығы 120 мың жұп. Мұндағы аяқ киімдердің сапасы бірден көзге түседі. Былғарыдан  жасалғандықтан сұраныс та жоғары. Бағасы да қалта көтерімді. Мұндай 4 мезгілге арналған ерлер және әйелдер аяқ киімі жасап шығарылады.  Айта кетерлігі қызметкерлер үшін тауардың сапасы бірінші орында. Аяқ киімді толыққанды жасап шығару үшін табиғи желімнің маңызы зор. Мұндай желімді Австрия және Италия елдерінен алатын көрінеді.

Данияр Сұлтаналиев -  «Luxe Shoes» фабрикасының  менеджері

Бүгінде бұл зауытта 60-қа жуық қызметкер жұмыс істейді. Мұндағы қызметкерлер өз ісінің шебері. Соның бірі Айкерім Төлебекова.  Зауыт ашылғалы осында жұмыс істеп келеді. Оның айтуынша, фабрикада барлық тауарлар сапалы жасалады.

Айкерім Төлебекова - «Luxe Shoes» фабрикасының  қызметкері

Айтып өтейік, мамандар аяқ қиімге қажетті шикізатты арнайы Түркия елінен тапсырыспен алады. Ал, тауарды  Италия елінің IronFox станогымен  өндіреді. Зауыттың ішінде аяқ киімді толыққанды жасап шығару үшін заманауи техникалармен жабдықталған. Фабрика да мамандар барлық карантиндік талаптарды сақтай отырып, күнделікті жұмыстарын атқаруда.

 

Айдана Қуанышқызы                                                               

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...