ШҰҒЫЛ! ОНКОЛОГТАР ПЫШАҚСЫЗ ОТА ЖАСАУДА Толығырақ

ШЫМКЕНТ ТЖД БАСТЫҒЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

15:38, 27 қараша 2020

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің №39 бұйрығына сәйкес азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Жақсыбаев Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Мадияр Есенгелдіұлы 1979 жылы Сырдария облысы, Гулистан ауданы, Крестьянское ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Өзбекстан Республикасы ІІМ жоғары өртке қарсы техникалық мектебін "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша бітірген. Қызметін Сырдария облысы ІІБ халық арасында үгіт-насихат жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі инженер лауазымынан бастады. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болды. Мадияр Есенгелдіұлы 20 жылдан астам азаматтық қорғау органдарында қызмет етіп келеді. Осы жылдар ішінде ол өзін сауатты офицер, жауапты басшы ретінде көрсетті.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛАДАҒЫ ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТЫ ДЕҢГЕЙГЕ КЕЛТІРІЛДІ
17:22, 22 қаңтар 2021
ҚАЛАДАҒЫ ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТЫ ДЕҢГЕЙГЕ КЕЛТІРІЛДІ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АҚ ТҮТЕК БОРАННЫҢ САЛДАРЫНАН ЖОЛДА ҚАЛҒАН АЗАМАТТАРҒА КӨМЕКТЕСУДЕ
17:21, 22 қаңтар 2021
ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АҚ ТҮТЕК БОРАННЫҢ САЛДАРЫНАН ЖОЛДА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ЖАНАР БЕКТАЕВА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:08, 21 қаңтар 2021
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІ...
Толығырақ...