ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТТЕ 100-ГЕ ЖУЫҚ ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛДЫ

13:48, 6 мамыр 2021

Отан қорғаушылар күні қарсаңында шымкенттік полицейлердің мерейі үстем болды. 100-ге жуық тәртіп сақшысына қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғандары үшін естелік мерейтойлық медальдер мен алғыс хаттар табысталды. Бұл күні шен алып, бір саты жоғарылаған полицелер де салтанатты жағдайда марапатталды.

ЕРАЛЫ ЖҰМАХАНБЕТОВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ «Биыл барлық жағынан алда болдық. Материалдық тұрғыдан да қардылай қолдау тұрғысынан да... »

Мереке қарсаңындағы салтанатты іс-шарада Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жұмаханбетов үздік қызметкерлерін арнайы құттықтады. Еңбектерін адал атқарған тәртіп сақшылары «Қазақстан Республикасының шифрлау қызметіне 100 жыл» естелік мерейтойлық медалімен, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Ал салада 20 жылдан астам қызмет еткен Шымкент ҚПД ЖПҚБ-ның бастығына полиция полковнигі шені берілді.

МҰҚТАР БҰХАРБАЕВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚПД ЖПҚБ БАСТЫҒЫ:

 «Басты мақсат-Отанға қызмет ету...»

Ал Полиция аға лейтенанты Тұрар Моллаходжаев мен полиция лейтенанты Әлібек Асылбеков «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Олар жылдың басында өз-өзіне қол жұмсамақ болған азаматты ажалдан арашалап қалған.

ӘЛІБЕК АСЫЛБЕКОВ,  ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ   ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПОЛКІНІҢ  ИНСПЕКТОРЫ:» Мұны ерлік деп қабылдамаймын. Кез-келген полийей жасайтын еді...

Бұдан бөлек  30-ға жуық полиция қызметкеріне төс белгілері мен алғыс хаттары табысталды. Қызметтік міндеттерін сапалы  орындаған 5 полиция қызметкері қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. 

 

М.Рысбаева

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...