ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТТЕ 13 КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН ЗАРДАП ШЕККЕН

16:48, 10 қаңтар 2022

Жаппай тәртіпсіздік салдарынан Шымкентте 13 бизнес субъектісі зардап шеккен. Оларға шамамен 100 млн теңгедей шығын келген. Бұл нақты мәлімет емес. Сандар әлі де еселенуі мүмкін. Кәсіпкерлер келтірілген залал көлемін интернеттің қолжетімсіздіген жеткізе алмаулары да мүмкін. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Шымкент қалалық филиалының директоры Нұрлан Қабыштаев мәлімдеді.

Әзірге қолдағы бар мәліметтерге сүйенетін болсақ, жаппай тәртіпсіздік кезенде азық-түлік дүкендерімен құрылыс, қала ішілік көлік тасымалы компаниялары және лобардтар зардап шеккен. Белгілі болғанындай бизнес нысандарының есік-терезелері сынып, қираған. Ал, ірі сауда орталығы тоналған. Сонымен қатар, 10-ға жуық автобус өртелген. Оларға келтірілген шығынның көлемі 100 миллион теңгеге жеткен. Әлі де, келтірілген шығын көлемі нақтыланып жатыр. Бүлінген дүниелерді қалыпқа келтіру үшін арнайы қор құрылған.

Нұрлан Қабыштаев – «Атамекен» ҰКП Шымкент қалалық филиалының директоры

Қайырымдылық қор құрылып жатыр. Зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры деп айтсақ болады. Бұған қазір бүкіл өңірлер қосылып жатыр. Қазір тек қана үкіметке қарап отырмай өзіміздің кәсіпкерлік нысандарын бизнестің өзі қолдаймыз деп ниет білдіріп бұл жұмыс басталып жатыр.

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...