ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТТЕ 800-ГЕ ЖУЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ

18:10, 3 қараша 2021

Шымкентте жыл басынан бері 800-ге жуық мемлекеттік қызметші біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасына 4, докторантураға 1 мемлекеттік қызметші оқуға түсті. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлім болды.

Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы филиалының директоры Әділет Нысанбаевтың айтуынша, мекеме шенеуніктердің  кәсіби дағдыларын шыңдау мақсатында түрлі тақырыптарда вебинарлар мен семинарлар ұйымдастыруда.  Пандемия жағдайына байланысты оқыту үрдісі көбінесе онлайн форматта жүргізілген. Карантин талаптары жеңілдеуіне байланысты қыркүйектен бастап   сабақтар офлайн форматқа көшіріліпті. Дәрістер қазіргі заманғы ашық кеңістік «Open-space» форматындағы аудиторияларда өткізіледі.  Салаға жауаптылар соңғы кездері мемлекеттік қызметтердің қолжетімді болуы үшін шенеуніктердің білім-біліктілігін арттыруға басымдық беріліп отырғанын айтады.

Әділет Нысанбаев Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы филиалының директоры:

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының басшылық құрамына «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» тақырыбында 24 сағаттық біліктілігін арттыру семинары ұйымдастырылды.  Бұл ретте 16 тыңдаушыға сертификат табысталды.»

 

М.Рысбаева          

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 348 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
13:49, 24 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 348 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
Толығырақ...
ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ
13:46, 24 мамыр 2022
ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА ТІРКЕТЕ АЛАДЫ
17:39, 17 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА...
Толығырақ...
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...