ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ

20:29, 4 тамыз 2021

Шымкентте алғаш рет өңеш обырына тіліксіз ота жасалды. Күрделі операцияны пышақтың көмегінсіз жергілікті дәрігерлер Ақтаулық ақ халаттылармен бірігіп жасаған. Алдағы уақытта бұл әдісті өздері де қолға алғалы отыр. Бұл қаламыздағы медицина мамандары үшін үлкен жетістік. Себебі, аталмыш лапораскопиялық ота бұған дейін еліміздің тек Алматы, Ақтау қалаларында жасалып келген.

Шымкентте онкологиялық аурумен 6800-ден астам науқас диспансерлік есепте тұр. Олардың 73-і өңештің қатерлі ісігіне шалдыққандар. Жылына 30-35 тұрғынға дәл осы диагноз қойылса, бүгінге дейін олардың 20 шақтысына ота жасалып келген. Ал, енді дәрігерлер аталмыш операцияны науқасты пышаққа ілмей жасай алады. 3 күнге ұласқан Ақтаулық ақ халаттылармен тәжірибе алмасу нәтижесінде Шымкенттік дәрігерлер жаңа әдісті меңгерді.

Мұхамеджан Нұрғазиев – хирург-онколог

Дәрігерлер бұған дейін 6 науқасқа қалқанша безі, бүйрек, асқазан обырларына тіліксіз ота жасаған.  Жалпы, қаламыздағы бұл жаңашылдыққа қуанатындар қатары көп. Себебі, бұрын пышаққа түсуге жасқанатын науқастар, енді минизавинді отаға қорықпай қадам жасайтындықтарын айтады

Надира Садикрамова – қала тұрғыны

Лапароскопиялық әдіс науқастың денесіне ешқандай тілік салмайтындықтан ағзасына анау айтқандай зақым келтірмейді. Әдеттегі ашық әдіспен жасалатын ота сияқты науқас жансақтау бөлімінде жатуға аса мұқтаж емес. Дәріні де қажетсінбейді. Отадан кейінгі асқыну кездеспейді. Ауруханада болатын уақыты да 3-4 есеге қысқаратын көрінеді.

Тақырып бойынша материалдар

БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
17:50, 17 қыркүйек 2021
БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА  ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
16:34, 17 қыркүйек 2021
ТҮРКІСТАНДА ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...